Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009.12.21 № 234 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 5 тармағына, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ислам банктерін ұйымдастыру мен олардың қызметі және исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2009 жылғы 12 ақпандағы N 133-IV Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 3 тармағының 44 тармақшасына, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық Кодексі) 495 бабының 9 тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Облыстық мәслихаттың Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2008 жылғы 29 желтоқсанда N 3277 тіркелген, "Ақтөбе" және "Актюбинский вестник" газеттерінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы N 160-161 жарияланған 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 135 "2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" шешіміне мынадай толықтырулар енгізілсін:
3-тармақтың кестесі мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
4. |
Күкірт диоксиді |
200 |
5. |
Азот диоксиді |
200 |
6. |
Күл |
240 |
7. |
Күкіртті сутегі |
1240 |
8. |
Меркаптан |
199320 |
6-тармақтағы кесте мынадай мазмұндағы 1.3.7 жолмен толықтырылсын:
1.3.7 |
Техникалық және элементарлық күкірт |
7,54 |
2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың Облыстық
сессия төрағасы мәслихаттың хатшысы
Н. САБДЫҚОВ А. ЕСІРКЕПОВ