2010 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 234 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2010 жылғы 13 қаңтарда № 3307 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010 жылғы 13 желтоқсандағы № 337 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облыстық мәслихатының 2010.12.13 № 337 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99-IV «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық Кодексі) 495-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 5-тармағына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2010 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырылсын:
      қосымшаның 6 тармағының 1.3.6. тармақшаларынан басқа 2, 4, 5, 6 тармақтарындағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары екі есеге арттырылсын.
      қосымшаның 3 тармағындағы қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары он төрт есеге арттырылсын.
      2. 2010 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын төлеушілердің назарына жеткізу «Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ-не (келiсiм бойынша) ұсынылсын.
      3. Облыстық мәслихаттың 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 «2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3277 тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсандағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 160-161 жарияланған), 2009 жылдың 13 наурыздағы № 176 «2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 «2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3285 тіркелген, 2009 жылғы 31 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 40 жарияланған), 2009 жылғы 15 шілдедегі № 211 «2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 135 «2009 жылға арналған қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3298 тіркелген, 2009 жылғы 20 тамыздағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің № 99-100 жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылға 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.
 
      Облыстық мәслихаттың      Облыстық мәслихаттың
        сессия төрағасы               хатшысы
 
          Қ. Тоқтаров              Б.Ордабаев

2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 234
      облыстық мәслихаттың шешіміне
      қосымша

2010 жылға арналған қоршаған ортаға ластағаны үшін төлем ставкалары

       1. Төлемақы ставкалары тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшеріне негізделе отырып айқындалады.
      2. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с№

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

4

1.

Күкірт тотықтары

20


2.

Азот тотықтары

20


3.

Шаң және күл

10


4.

Қорғасын және оның қосындылары

3986


5.

Күкіртсутек

124


6.

Фенолдар

332


7.

Көмірсутектер

0,32


8.

Формальдегид

332


9.

Көміртек тотықтары

0,32


10.

Метан

0,02


11.

Күйе

24


12.

Темір тотықтары

30


13.

Аммиак

24


14.

Алты валентті хром

798


15.

Мыс тотықтары

598


16.

Бенз(а)пирен


996,6

      3. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылатын алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с№

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1.

Көмір сутегі

31,22

2.

Көміртегі тотықтары

10,22

3.

Метан

0,56

4.

Күкірт диоксиді

140

5.

Азот диоксиді

140

6.

Күл

168

7.

Күкіртті сутегі

868

8.

Меркаптан

139524

      4. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары мыналарды құрайды:

Р/с№

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (АЕК)

1

2

3

1.

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2.

Дизель отыны үшін

0,9

3.

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

      5. Ластағыш заттардың төгінділері үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды:

Р/с№

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (АЕК)

1

2

3

1.

Нитриттар

1340

2.

Мырыш

2680

3.

Мыс

26804

4.

Оттекке биологиялық сұраныс

8

5.

Тұзды аммоний

68

6.

Мұнай өнімдері

536

7.

Нитраттар

2

8.

Жалпы темір

268

9.

Сульфаттар (анион)

0,8

10.

Өлшенген заттар

2

11.

Синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

54

12.

Хлоридтер (анион)

0,2

13.

Алюминий

54

      6. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары мынаны құрайды: 

Р/с №

Қалдықтардың түрлері

Төлем ставкалары (АЕК)

1 тонна үшін

1 гигабеккерель (Гбк) үшін

1.

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы берілген орындарда орналастырғаны үшін:




1.1.

Коммуналдық (қатты тұрмыстық) қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы

0,38


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар:




1.2.1.

«қызыл» тізім

14


1.2.2.

«янтарь» тізім

8


1.2.3.

«жасыл» тізім

2


1.2.4.

Жіктелмеген

0,9


1.3.

Өзге қалдықтар:



1.3.1.

Аршынды жыныстар

0,004


1.3.2.

Сыйғызу жыныстары

0,026


1.3.3.

Байыту қалдықтары

0,02


1.3.4.

Шлактар, шламдар

0,038


1.3.5.

Күл мен күлшлактар

0,66


1.3.6.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,009


1.3.7

Техникалық және элементарлық күкірт

7,54


2.

Радиоактивті қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк):




2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті


0,38

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады