"Универсальный" және "Аида" базарларында тауарлар сататындар үшін бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2009 жылғы 25 сәуірдегі N 153 шешімі. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әділет басқармасында 2009 жылдың 12 мамырда N 3-1-107 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 24 қаңтардағы № 114 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013.01.24 № 114 Шешімімен.

       "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 каңтардағы N 148 Заңының 6 бабына және "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100-IV Заңының 36 бабының 6 тармағына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. "Универсальный" және "Аида" базарларында тауарлар сататындар үшін бір жолғы талондардың бағасы 1 және 2 қосымшаларына сәйкес белгіленсін.

      2. Шешімнің орындалуын бақылау "Ақтөбе қаласы бойынша салық басқармасы" ММ бастығы С.М.Лиге жүктелсін.

      3. Шешім бірінші ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Сессия төрағасы      Р. Есмағамбетов

      Мәслихат хатшысы      С. Шынтасова
 

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2009 жылғы 25 сәуірдегі кезекті
он жетінші сессиясының
N 153 шешіміне 1 қосымша

"Универсальный" базарында тауарлар
сататындар үшін бір жолғы талондардың бағасы

N Сауда түрі Бір жолғы талонның бағасы
1 2 3

1

Автокөлік құралдарын сату (1 бірлігіне)

160


Ақтөбе қалалық мәслихатының
2009 жылғы 25 сәуірдегі кезекті
он жетінші сессиясының
N 153 шешіміне 2 қосымша

"Аида" базарында тауарлар
сататындар үшін бір жолғы талондардың бағасы

N Сауда түрі Бір күнге бір жолғы талонның бағасы
1 2 3

1

Сөрелерден тауар сату

ішінде:
көк-өніс, жеміс-жидек

ет

80
 

80

80

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады