Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011.07.28 № 257 Шешімімен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджеттік Кодексінің 56 бабының 4 тармағына және облыс әкімдігінің 2009 жылғы 13 наурыздағы N 80 "16 жасқа дейінгі балалар-мүгедектері бар отбасыларға қосымша көмек көрсету туралы" 2007 жылғы 10 мамырдағы N 156 Ақтөбе облыстық әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қаулысына" сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 22 тамызда N 3-2-60 санымен тіркелген 2008 жылғы 18 қыркүйекте аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің N 38 (1497) санында жарияланған, 2008 жылғы 12 тамыздағы N 62 "Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне (Әйтеке би аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 20 ақпанда N 3-2-71 санымен тіркелген 2009 жылғы 5 наурызда аудандық "Жаңалық жаршысы" газетінің N 11-12 (1522-1523) санында жарияланған, 2009 жылғы 29 қаңтардағы N 99 "Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы шешіміне өзгеріс енгізу туралы" шешіміне енгізілген өзгерістерді ескере отырып), мынадай өзгерістер енгізілсін:
шешімнің атауына "Аз қамтылған отбасылары және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге" деген сөздерден кейін "сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге" деген сөздер алынып тасталсын.
шешімнің 2 тармағындағы "Төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге" деген сөздерден кейін "сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге" деген сөздер алынып тасталсын.
шешімнің 4 тармағындағы "төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге" деген сөздерден кейін "сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге" деген сөздер алынып тасталсын.
шешімнің 6 тармағындағы "төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге" деген сөздерден кейін "сонымен қатар аурулығына байланысты I-II-III топтағы мүгедектерге" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім ресми басылымда жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
сессия төрағасы хатшысы
С.ТОЙШЫМАНОВ А.ЕРМАҒАМБЕТ