Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2011.07.28 № 257 Шешімімен.
Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 124 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі N 548 Бюджеттік Кодексінің 53 бабының 1 тармағының 4-тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы Ақтөбе облысы бойынша белгіленген кедейлік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларына 1 (бір) айлық есептік көрсеткіші 2009 жылдан бастап 1,5 (бір жарым) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.01.29 N 99 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
2. Төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайын әлеуметтік көмек көрсетілсін.
Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 124 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
3. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаражаты есебінен ай сайын ақшалай нысанда көрсетілсін.
4. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі (С.Жакупов) аз қамтылған отбасылары мен қоса төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек көрсету үшін қаржы көзін табу тапсырылсын.
Ескерту. 4 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 124 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
5. Аудандық қаржы бөлімі (А.Сапаров) әлеуметтік көмекті қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
6. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Т.Шүйіншин) аз қамтылған отбасыларына тоқсан сайын төменгі және ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге әлеуметтік көмек тағайындауды және ай сайын төлеуді ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.
Ескерту. 6 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық мәслихатының 2009.04.21 N 124 шешімімен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз).
7. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың жергілікті бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі тексеру комиссиясына (З.Қасымқұлова) жүктелсін
8. Осы шешім Әйтеке би ауданы Әділет басқармасының реестрімен бекітіліп, ресми газетке жарияланғаннан соң 10 күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы хатшысы
М.ЕРМАҒАМБЕТҰЛЫ А.ЕРМАҒАМБЕТ