Ауданда еңбек нарығына байланысты халықтың нысаналы тобына жататындарға қосымша тізбе енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі N 166 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 21 мамырдағы N 3-3-82 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 05-1/419 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3137 баптарына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Халықтың нысаналы тобына жататындар тізбесі мыналармен толықтырылсын:
      - мекеменің жойылуына, санының және жұмысшылардың штаты қысқартылуына байланысты қысқарғандар;
      - оқу мекемелерін бітірген түлектер;
      - жұмыссыз ретінде тіркелген, ұзақ мерзімді (бір жылдан аса) жұмыссыз жүрген азаматтар;
      жыл сайын маусымдық және уақытша жұмыс істеген азаматтар.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009.12.08 N 417 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі            М.Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады