"Ауданда еңбек нарығына байланысты халықтың нысаналы тобына жататындарға қосымша тізбе енгізу туралы" 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 166 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімдігінің 2009 жылғы 08 желтоқсандағы № 417 қаулысы. Ақтөбе облысының Алға аудандық әділет басқармасында 2010 жылдың 06 қаңтарда № 3-3-98 тіркелді. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013 жылғы 22 ақпандағы № 05-1/419 хатымен

      Ескерту. Қолданылу мерзімі аяқталуына байланысты күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға ауданының әкімі аппаратының 2013.02.22 № 05-1/419 Хатымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 28 бабына сәйкес Алға ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. «Ауданда еңбек нарығына байланысты халықтың нысаналы тобына жататындарға қосымша тізбе енгізу туралы» 2009 жылғы 29 сәуіріндегі № 166 қаулысына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылдың 21 мамырдағы № 3-3-82 болып тіркелген, 2009 жылғы 26 мамырында «Жұлдыз-Звезда» газетінде № 23-24 санында жарияланған) төмендегідей толықтырулар енгізілсін:
      1 тармағы «жыл сайын маусымдық және уақытша жұмыс істеген азаматтар» деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                             М.Тағымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады