Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 4 "Алға қаласындағы базарларда тауар сататын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2009 жылғы 20 қазандағы № 6 шешімі. Ақтөбе облысының Алға аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 16 қарашада № 3-3-93 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 64 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 64 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 100 «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа  енгізу туралы» Заңының 36-бабы 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. 2009 жылғы 8 сәуірдегі «Алға қаласындағы базарларда тауар сататын жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасын белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-74 тіркелген, 2009 жылғы 5 мамырда «Жұлдыз-Звезда» газетінің № 19-20 жарияланған) № 4 шешіміне төмендегідей өзгерту енгізілсін:
      шешімнің бірінші тармағындағы жақша ішіндегі (№ 2 қосымша) деген сөз алынып тасталсын және «№ 1 қосымшаға» сәйкес деген сөз «қосымшаға сәйкес» деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат сессиясының
      төрағасы, мәслихат хатшысы                   А.Кайрушев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады