Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Алға аудандық мәслихатының 2012.12.21 № 64 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Респуликасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына және 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 100 "Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Заңының 36-бабы 6-тармағына сәйкес аудандық мәслихаттың кезектен тыс он жетінші сессиясы ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Алға қаласында базарларда тауар сататын қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғалар үшін бір жолғы талондардың бағасы хронометраждық зерттеудің негізінде қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді Ақтөбе облысы Алға ауданының мәслихатының 2009.10.20 N 6 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз)
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М.Аққағазовқа және Алға ауданы бойынша салық басқар-масының бастығы Т.Аққожинге жүктелсін.
3. Осы шешім аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өтіп, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихаттың
сессиясының төрағасы: хатшысы:
Р.Кенжегарин А.Кайрушев
Алға аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
8 сәуіріндегі кезектен тыс
он жетінші сессиясының шешіміне
1-қосымша
Алға қаласының базарларында тауарлар сататын үшін
бір жолғы талондардың бағасы
N |
Базардың атауы |
Сауда түрі |
Бір күнгі біржолғы талондардың бағасы |
1 |
"Айбар-А" ЖШС базары |
Сөрелерден тауар сату ішінде; |
80 80 200 15 |
2 |
"Сауда-Орны"ЖШС базары |
Сөрелерден тауар сату ішінде; |
80 80 200 15 |
3 |
Жаңадан ашылатын базарларға |
Сөрелерден тауар сату ішінде; |
80 80 200 15 |
Алға ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы Т.Аққожин
Алға аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
8 сәуіріндегі кезектен тыс
он жетінші сессиясының шешіміне
2-қосымша
Алға қаласының базарларында тауарлар сататын кәсіпкерлерге, бір жолғы, бір күнгі талондардың бағасын анықтауға жүргізілген хронометраждық зерттеудің нәтижесі
N |
Базардың атауы |
Сауда түрі |
Хронометраж-дық зерттеуде анықталған орта есеппен бір күнгі табыс көзі (тенге) |
Бір жолғы талонның бір күндік құны (патент негізінде арнаулы салық режимімен табыс көзінен 2% патент құнымен есептелген) (тенге) |
1 |
"Айбар-А" ЖШС базары |
Сөрелерден тауар сату ішінде; |
4000 4000 10000 10000 750 750 |
80 80 200 200 15 15 |
2 |
"Сауда-Орны" ЖШС базары |
Сөрелерден тауар сату ішінде; |
4000 4000 10000 10000 750 750 |
80 80 200 200 15 15 |
Алға ауданы бойынша салық
басқармасының бастығы Т.Аққожин