Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Байғанин аудандық мәслихатының 2010.02.05 № 129 шешімімен.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабы 1 тармағының 15 тармақшасына, 7 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99–ІV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) кодексінің 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бекітілген базалық ставкалар шегінде салық төлеушілер үшін Байғанин ауданы бойынша тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Аудандық мәслихаттың 28 қаңтар 2009 жылғы сессиясында қабылданған, Байғанин аудандық әділет басқармасында 23 ақпан 2009 жылы № 3-4-65 болып тіркелген, «Жем-Сағыз» газетінің 2009 жылғы 5 наурыз № 10 санында жарияланған «Ойын бизнесі бойынша тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы» № 71 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Қ. Сарқұл
Мәслихат хатшысы Б. Турлыбаев
Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы
24 сәуірдегі № 91 шешіміне
ҚОСЫМША
Байғанин ауданы бойынша тіркелген салық ставкалары
Р/с |
Салық салу объектісінің атауы |
Тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш) |
1 |
2 |
3 |
1 |
Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы |
6 |
2 |
Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы |
8 |
3 |
Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер |
4 |
4 |
Ойын жолы |
10 |
5 |
Карт |
5 |
6 |
Бильярд үстелі |
10 |