Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру еңгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 27 наурыздағы № 93 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 21 сәуірде № 3-8-83 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 63 шешімімен

     Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 28.03.2013 № 63 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 41 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 ақпандағы № 126 "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңының қабылдануына байланысты аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 19 ақпандағы № 81 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 20 желтоқсандағы № 71 "2009 жылға арналған Мәртөк ауданының бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" (№ 3-8-78 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 83 "Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 қыркүйектегі № 61 "Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы" (№ 3-8-79 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған); 2009 жылғы 19 ақпандағы № 84 "Ең аз және ең аз зейнетақыдан төмен алатын зейнеткерлерге, сонымен қатар жалпы аурудан І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсету туралы" (№ 3-8-80 тіркелген, 2009 жылғы 18 наурыздағы "Мәртөк тынысы" № 12 газетінде жарияланған) шешімдеріне мынадай толықтыру енгізілсін:
      мәтінінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздер "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы

Аудандық мәслихатхатшысы

      М. Ордабаев

А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады