Аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 61 "Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009 жылғы 19 ақпандағы N 83 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 13 наурызда N 3-8-79 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі N 167 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 N 167 шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы және өзін-өзі басқару" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474 "Ен төменгі күнкөріс деңгейі туралы" Заңының 4 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2009.03.27 N 93 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармағынан қараңыз) шешімімен.
      1. "Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2008 жылғы 25 қыркүйектегі N 61 аудандық мәслихаттың шешіміне (Мәртөк ауданының әділет басқармасында N 3-8-59 тіркелген, 2008ж.15.10. "Мәртөк тынысы" N 44 газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1 тармақтағы "бір айлық есептік көрсеткіш" деген сөздің орнына "1,5 айлық есептік көрсеткіші" деген сөзбен өзгертілсін.
      2. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік төлемге қаржы бөлу мүмкіндігін қарастырсын.
      3. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А.А.Тұрмағамбетова) аз қамтылған азаматтарға тоқсан сайын тағайындап және ай сайын төлемдерді төлеуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Цыбаға жүктелсін.
      5. Осы шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                 хатшысы

        Т.Нұрпазілов                     А.Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады