Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы N 95 шешімі. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 6 наурызында N 3-9-95 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабы 1, 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      кезектен тыс он үшінші хатшысы
      сессиясының төрағасы
      Д.М.Мұрзатаев С.С.Салықбаев

  Аудандық мәслихаттың
  кезектен тыс он үшінші 
  сессиясының 2009 жылғы
  30 қаңтардағы N 95
  шешіміне қосымша

Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 74 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).


р/н

Салық салынатын объектілер

Мөлшерлемелер
(айлық есептік
көрсеткіштерде)

1

Ойын өткізу үшін пайдалынатын дербес компьютер

1,0

2

Бильярд үстелі

7,0

3

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1,0

4

Ойын жолы

20,0

5

Карт

4,0

6

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4,0

      Ескерту: Тіркелген салықтық базалық ставкалары мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады