Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 "Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 74 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 3 сәуірде № 5382 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 16 ақпандағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық мәслихатының 16.02.2018 № 163 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Кодексінің 422 бабына және Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңының 50 бабына сәйкес, Мұғалжар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Мұғалжар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 30 қаңтардағы № 95 "Мұғалжар ауданы бойынша тіркелген салық мөлшерін белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-95 тіркелген, 2009 жылдың 23 наурызында аудандық "Мұғалжар" газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспедегі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" деген сөздер "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық мәслихаттың
      сессия төрағасы хатшысы
      С.Ведюшкин Н.Қалиева

  Мұғалжар аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 74 шешіміне қосымша
  Аудандық мәслихаттың
  кезектен тыс он үшінші
  сессиясының 2009 жылғы
  30 қаңтардағы № 95 шешіміне
  қосымша

Тіркелген салық мөлшерлемелерінің мөлшері


р/н

Салық салынатын объектілер

Мөлшерлемелер
(айлық есептік
көрсеткіштерде)

1

Ойын өткізу үшін пайдалынатын дербес компьютер

1,0

2

Бильярд үстелі

7,0

3

Бiр ойыншымен ойын өткiзуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1,0

4

Ойын жолы

20,0

5

Карт

4,0

6

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

4,0

      Ескерту: Тіркелген салықтық базалық мөлшерлемелерінің мөлшері бірлік аумағында бір айлық салық салу объектісіне белгіленді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады