Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы N 110 қаулысы. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 6 мамырда N 3-9-97 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі N 246 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2010.04.07 N 246 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 18-1 бабы 4 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа ала отырып аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз ету "Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі" ММ бастығы Ғ. Асқаровқа жүктелсін.
      3. Аудандағы халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру "Мұғалжар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ бастығы А. Шотовқа жүктелсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Н. Аққұлға жүктелсін.
      6. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                            С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 25 наурыздағы
N 110 қаулысымен
ҚОСЫМША

      Ескерту. Қаулының қосымшасы жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2010.01.25 N 257 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі

P/c Мекеме-атауы Қабылданатын адамдар-саны
1

"Лашын" Өндірістік Кооперативі

10

2

"Бастау-Эмба" ЖШС

5

3

Шаруа қожалығы "Нұрбол"

5

4

Жеке  кәсіпкер Кадралиева

10

5

Шаруа қожалығы "Есет"

3

6

"En-Gin production" ЖШС

10

7

Жеке кәсіпкер "Ислам"

2

8

"Жемжылу" КММ

10

9

Дүкен "Жадыра"

4

10

Жеке кәсіпкер Сарышова Т.

1

11

Жеке кәсіпкер Тишбаева Г.

2

12

Жеке кәсіпкер Мадина

5

13

Жеке кәсіпкер Курмантаев Д.

2

14

"Мұғалжар ауданының кәсіпкерлерін қолдау орталығы" Қоғамдық қоры

2


Барлығы

71

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады