Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 246 қаулысы. Ақтөбе облысының Мұғалжар аудандық Әділет басқармасында 2010 жылдың 17 мамырда № 3-9-123 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011 жылғы 15 шілдедегі № 268 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мұғалжар аудандық әкімдігінің 2011.07.15 № 268 Қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 37 бабына және Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңының 7 бабының 5-4 тармағына сәйкес Мұғалжар ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мұғалжар ауданының халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру  мақсатында халықтын мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Осы іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз ету «Мұғалжар аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөілімі» ММ бастығы Ғ.Асқаровқа жүктелсін.
      3. Аудандағы халықтың мақсаттағы топтағы жұмыссыздары үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру «Мұғалжар аудандық жұмыпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бастығы А.Шотовқа жүктелсін.
      4. «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» 2009 жылғы 25 наурыздағы № 110 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-97 санымен тіркелген және 2009 жылғы 20 мамырдағы «Мұғалжар» газетінде № 25 санда жарияланған) және «Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 25 наурыздағы № 110 «Халықтың мақсатты топтағы жұмыссыздары үшін ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 25 қаңтардағы № 155 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-9-115 санымен тіркелген және 2010 жылғы 3 наурыздағы «Мұғалжар» газетінде № 10 санында жарияланған) қаулыларының күші жойылсын.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Н.Аққұлға жүктелсін.
      6. Осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                               С. Шаңғұтов

Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2010 жылғы 07 сәуірдегі
№ 246 қаулысымен
БЕКІТІЛДІ

Халықтың мақсатты топтаға жұмыссыздары үшін
ұйымдастырылатын әлеуметтік жұмыс орындарының
тізбесі

Р/с

Мекеме атауы

Қабылданатын адам саны

1

«Силикат-А» ЖШС

10

2

«Болат» ЖШС

5

3

«Теміржолсу» ЖШС

20

4

Жеке кәсіпкер Г.Еламанова

5

5

Жеке кәсіпкер Т.Беляева

10

6

«Трансхимснаб» ЖШС

10

7

«Тағдыр и Т» ЖШС

5

8

Жеке кәсіпкер Г.Отыншина

5

9

«Арай» шаруа қожалығы

5

10

«Саян» шаруа қожалығы

5

11

Жеке кәсіпкер Г.Амиртаева

5

12

«Техник» ЖШС

10

13

«Байқар» шаруа қожалығы

5

14

Жеке кәсіпкер 3.Сунгатова

5

15

«Құмжарған» ЖШС

10

16

«Арман-М» шаруа қожалығы

5

17

«Рауан» спорт клубы

5

18

«Манас» шаруа кожалығы

6

19

«Қазах Ойл Ақтөбе» ЖШС

10

21

«Ерхан» шаруа қожалығы

2

22

Жеке кәсіпкер Н.Есмуратов

5

23

Шаруа қожалығы «Даурен»

5

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады