Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 83 "2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы" шешіміне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 121 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 21 мамырда N 3-10-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 177 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010.02.12 N 177 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 99 «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 422 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 40 бабы 2 тармағының 2 тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 19 желтоқсанында қабылданған, 2009 жылы 16 қаңтарында аудандық әділет басқармасында 3-10-91 нөмірімен тіркелген, 2009 жылдың 29 қаңтарында аудандық «Темір» газетінің № 4-5 санында ресми жарияланған № 83 «2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын бекіту туралы» деген шешімнің атауы «2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы» деген атауымен ауыстырылсын.
      2) шешімнің 1 тармағындағы «бекітілсін» деген сөздер «белгіленсін» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат        Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы:       хатшысы:

      Б. ҚУАНДЫКОВ            С. ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады