2009 жылға кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлері үшін тіркелген жиынтық салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы N 83 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қаңтарда N 3-10-91 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 177 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2010 жылғы 12 ақпандағы N 177 шешімімен
      Ескерту. Атауға өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009.04.23 N 121 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. 2009 жылғы тіркелген салық ставкасы N 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      Ескерту. 1 тармағына өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009.01.30 N 95, 2009.04.23 N 121 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.
      2. Темір аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 16 "2008 жылға бильярд қызметі бойынша жиынтық салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-62), 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 17 "2008 жылға ойын автоматы қызметі бойынша жиынтық салық ставкасының мөлшерін бекіту туралы" (тіркеу N 3-10-61) шешімдерінің күші жойылсын.
      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат         Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы          хатшысы

           Р.САТАНОВА           С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Аудандық мәслихаттың кезекті
сессиясының 2008 жылғы 19 желтоқсандағы
N 83 шешіміне N 1 қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың
ең төмен базалық ставкаларының мөлшері

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

2

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады