Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2009 жылғы 23 сәуірдегі N 116 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 21 мамырда N 3-10-104 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012.08.17 № 56 Шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Бюджет кодексінің» 56 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Азық-түліктің бағасының көтерілуіне байланысты, халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға, қосымша базалық төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы алатын барлық зейнеткерлерге 1,5 есе айлық есептік көрсеткіш көлемінде, әлеуметтік жәрдемақы алып отырған I, II, III топтағы жалпы аурулардан бала кезінен, әскер борышын орындауға байланысты емес мертігу немесе ауру салдарынан мүгедектікке душар болған мүгедектерге 3000 теңге мөлшерінде жергілікті бюджет қаржысы есебінен ай сайын ақшалай түрде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Темір ауданы мәслихатының 2010.12.27 № 221 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      2. Аудандық мәслихаттың 2008 жылдың 24 қыркүйегінде қабылданған, әділет басқармасында 2009 жылдың 14 қазанында № 3-10-85 нөмерімен тіркелген № 57 «Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешімінің күші жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім аудандық әділет басқармасында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және бұқаралық ақпарат құралдарына ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат             Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы:               хатшысы:

      Б.ҚУАНДЫҚОВ                   С.ЖАҢАБЕРГЕНОВА

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады