Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 "Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір ауданы мәслихатының 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 221 шешімі. Ақтөбе облысының Темір аудандық Әділет басқармасында 2011 жылғы 10 қаңтарда № 3-10-138 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 56 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012.08.17 № 56 Шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 «Бюджет кодексінің» 56 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 21 мамырда 3-10-104 санымен тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымда «Темір» газетінің № 23 санында жарияланған, аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 «Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне мынадай өзгеріс енгізілсін:
      аталған шешімнің 1 тармақтағы «ең төменгі және одан да аз зейнетақы алатын зейнеткерлерге» деген сөздер «қосымша базалық төлемді қоса есептегенде ең төменгі зейнетақы алатын барлық зейнеткерлерге» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат               Аудандық мәслихаттың
    сессиясының төрағасы:                   хатшысы:

      Б.ДӘНДІБАЕВ                          Н.ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады