Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2012 жылғы 17 тамыздағы № 56 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 31 тамызда № 3-10-174 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 2013 жылғы 24 желтоқсандағы № 163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Темір аудандық мәслихатының 24.12.2013 № 163 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) 18 жасқа дейінгі балаларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасыларына – Халықаралық балалар күніне бір жолғы 20 мың теңге мөлшерінде;
      2) ең төменгі зейнетақы және ең төменгі зейнетақыдан да төмен мөлшерде зейнетақы алушыларға – Халықаралық қарттар күніне бір жолғы 10 мың теңге мөлшерінде;
      3) төмендегі I, II, III топтағы мүгедектердің санаттарына:
      жалпы аурулардан, еңбекте мертігуден, кәсіби аурулардан мүгедек болғандарға, он алты жасқа дейінгі мүгедек балаларға, он алтыдан он сегіз жасқа дейінгі бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге;
      мүгедектікке әскери қызметтен өту кезінде алған жарақаттың, контузияның, мертігудің, аурудың салдарынан душар болған мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер қатарынан шыққан мүгедектерге, азаматтық немесе әскери мақсаттағы ядролық объектілердегі авариялардың зардаптарын жою кезінде не ядролық объектілердегі авариялық жағдайлар салдарынан мүгедек болған адамдарға;
      әскери қызмет міндеттерін, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметін (қызмет міндеттерін) атқаруға байланысты емес жазатайым жағдайдың салдарынан болған мертігу не әскери және қызметтік борышын орындауға байланысты емес ауру салдарынан мүгедек болған жағдайда әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің басшы және қатардағы құрамының адамдары арасынан шыққан мүгедектерге – 3 мың теңге;
      әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдардағы қызметті өткеру кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі, ауыруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері, қызмет міндеттерін атқару кезінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары мен бұрынғы Мемлекеттік тергеу комитетінің қызметкерлері арасынан шыққан мүгедектерге;
      себеп-салдарлық байланысы анықталған жағдайда төтенше экологиялық жағдайлар, соның ішінде ядролық жарылыстар мен сынақтар кезіндегі радиациялық әсер етудің салдарынан және /немесе/ олардың зардаптарынан болған мүгедектерге.
      2. Аудандық мәслихаттың мына шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:
      «Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-104 болып тіркелген, 2009 жылғы 4 маусымдағы № 23 «Темір» газетінде жарияланған);
      «Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 23 сәуірдегі № 116 «Халықтың әлеуметтік аз қамтылған санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2010 жылғы 27 желтоқсандағы № 221 (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-10-138 болып тіркелген, 2011 жылғы 25 ақпандағы № 8-9 «Темір» газетінде жарияланған).
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат              Аудандық мәслихат
     сессиясының төрағасы                хатшысы

        Б. ДӘНДІБАЕВ                    Н. ӨТЕПОВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады