Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012.04.28 № 40 Шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV "Бюджеттік Кодексінің" 56-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы N 474 "Ең төмен күнкөріс деңгейі туралы" Заңына және аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 19 желтоқсандағы ХII сессиясының "Ойыл ауданының 2009 жылға арналған бюджеті туралы" N 98 шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Аудандық мәслихаттың Ойыл аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 7 тамызда N 3-11-49 тіркелген 2008 жылғы 14 тамыздағы "Ойыл" газетінің N 2 жарияланған "2008 жылғы 21 шілдедегі VII сессиясының N 68 "Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешімінің 1-ші тармағындағы "отбасына айлық есептік көрсеткіштің 50 пайыз мөлшерінен аспайтын көлемде төленсін" деген сөз "отбасына айлық есептік көрсеткіштің 1,5 пайыз мөлшерінен аспайтын көлемде төленсін" деген сөзбен ауыстырылып, өзгертілсін.
2. Осы шешім әділет басқармасында тіркеліп, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді.
Аудандық мәслихат Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы: хатшысы:
К.Қазмағамбетов Б. Бисекенов