Аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2008 жылғы 21 шілдедегі N 68 шешімі. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық әділет басқармасында 2008 жылғы 5 тамызда N 3-11-49 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 40 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2012.04.28 № 40 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 24 сәуіріндегі № 548 Бюджеттік Кодекстің 53-бабының 1-тармағының 4-тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 «Ең төмен күн көріс деңгейі туралы» Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Аз қамтылған отбасылардың жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға азық түліктін бағасы көтерілуіне байланысты өтемақыға бөлінген қаржы әр отбасына айлық есептік көрсеткіштің 1,5 пайыз мөлшерінен аспайтын көлемде төленсін.
      Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2009.01.29 № 114 (алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен соң күшіне енеді) Шешімімен.
      2. Әлеуметтік көмек аудандық бюджет қаржысы есебінен ай сайын ақшалай түрде төленсін.
      3. «Ойыл аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.Жолдыбаев) аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету үшін бөлінген қаржыны уақтылы бөлу тапсырлысын.
      4. «Ойыл аудандық қаржы бөлімі» ММ (М.Сембі) әлеуметтік көмек төлемдерін қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      5. «Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ (С.Наурызбаев) аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмекті тағайындау және төлеуді қамтамасыз етсін.
      6. Осы шешім әділет басқармасывнда тіркеліп, алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді және 2008 жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

        Аудандық мәслихат       Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы:          хатшысы:   

          А.Наурызова             Б. Бисекенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады