29 қаңтар 2009 жылғы № 113 "Жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2009 жылғы 17 шілдедегі № 148 шешімі. Ақтөбе облысының ойыл аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 17 тамызда N 3-11-67 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2017 жылғы 13 наурыздағы № 86 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 13.03.2017 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 43 бабына және аудан прокурорының 2009 жылғы 4 маусымдағы № 4-7-09 ұсынысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Ойыл аудандық мәслихатының "Жеке кәсіпкерлар мен заңды тұлғалар үшін тіркелген салық ставкаларының мөлшерін бекіту туралы" 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 113 (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3-11-57 тіркелген, 2009 жылғы 12 наурыздағы № 10 "Ойыл" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
      сілтемедегі "422 бабының 1 тармағы" деген сөз "422 бабының 2 тармағы" деген сөзбен ауыстырылсын;
      1 қосымшаның кестесіндегі "Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең жоғары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)" деген 4-бағаны түгелімен алынып тасталсын.
      2. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат сессиясының төрайымы: А.С. Әлжанова
      Аудандық мәслихат хатшысы: Б.Т. Бисекенов

  Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 17 шілдедегі № 148 шешіміне қосымша

Айына салық салу бірлігіне тіркелген салықтың ең төменгі базалық ставкаларының мөлшері


Салық салу обьектісінің атауы

Тіркелген салықтың базалық ставкаларының ең төменгі мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

3

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады