Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының аппаратының 14.02.2013 № 59 хатымен).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, "Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 36 бабының 6 тармағын орындау мақсатында аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Хромтау ауданының базарларында тауарлар сататындарға арналған біржолғы талондардың құны № 1 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Эпизодикалық сипаттағы кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлеріне арналған арналған біржолғы талондардың құны № 2 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
3. Кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлеріне арналған біржолғы талондардың құны № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін.
4. "Бір реттік талондардың құндық мөлшерін бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілердің тізілімінде 2001 жылдың 20 желтоқсанында № 1359 номерімен тіркелген Хромтау аудандық мәслихатының 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі
Аудандық мәслихат | Аудандық |
сессиясының төрағасы | мәслихат хатшысы |
А.Егізбаев | Д. Молдашев |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 21 шілдесіндегі № 141 шешіміне № 1 қосымша |
Хромтау ауданының базарларында тауарлар сататындарға арналған біржолғы талондардың құны
Рет № | Базарлардың атауы | Сауда түрі | Бір күнге арналған талондардың құны (теңге) |
1 | Хромтау қаласының базары | Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін | 130 |
2 | Селолық округтер базарында | Базар аумағындағы дүңгіршектердегі, стационарлық үй-жайлардағы (оқшауланған блоктардағы) сауданы қоспағанда, базарларда тауарлар өткізу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету жөніндегі қызметтерді жүзеге асыратын жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар үшін | 50 |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 21 шілдесіндегі № 141 шешіміне № 2 қосымша |
Хромтау ауданы бойынша қызметі эпизодикалық сипаттағы жеке тұлғаларға арналған біржолғы талондардың құны
Рет № | Қызмет түрлері | Бір күнге арналған талондардың құны (теңге) |
1 | Газет, журналдар сату | 30 |
2 | Тұқым сату | 20 |
3 | Отырғызылатын материал (екпелер, көшеттер) сату. | 50 |
4 | Бақша дақылдарын сату | 50 |
5 | Саяжайларда және үй маңыңдағы учаскелерде өсірілген табиғи гүлдерді сату | 50 |
6 | Қосалқы ауыл шаруашылығы және бағбандық, бақшашылық және саяжай учаскелерінің өнімдерін сату | 130 |
7 | Жануарлар мен құстардың жемдерін сату | 100 |
8 | Сыпыртқылар, сыпырғылар сату | 30 |
9 | Орман жидегін, бал, саңырауқұлақ және балық сату. | 50 |
Аудандық мәслихаттың 2009 жылдың 21 шілдесіндегі № 141 шешіміне № 3 қосымша |
Хромтау ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің қосымша түрлеріне арналған біржолғы талондардың құны
Рет № | Қызмет түрлері | Бір күнге арналған талондардың құны (теңге). |
1 | Жеке тракторлар иелерінің жер учаскелерін өңдеу қызметтерін көрсетуі | 140 |
2 | Үй жануарлары мен құстарын бағуды жүзеге асыру | 30 |