Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде иттер мен мысықтар ұстау Ережесін бекiту туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 26 қазандағы N 152 шешімі. Ақтөбе облысы Хромтау аудандық әділет басқармасында 2009 жылғы 25 қарашада N 3-12-103 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012 жылғы 7 тамыздағы № 44 шешімімен

      Ескерту.  Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау аудандық мәслихатының 2012.08.07 № 44 Шешімімен.

       «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 311 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына және 25 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ:
      1. Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде иттер мен мысықтар ұстау Ережесi бекiтiлсiн. (Қоса беріледі).
      2. Хромтау қаласы мен селолық округтер әкімдері осы шешімнен туындайтын барлық қажет шараларды қабылдасын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2009 жылғы 26 қазандағы
№ 152 шешiммен бекітілген

Хромтау қаласы мен ауданның елді мекендерінде
иттер мен мысықтар ұстау
Ережесі
1. Негізгі бөлім

      1. Осы Ереже Хромтау қаласы мен ауданның елді мекендеріндегі ведомстволық қарауына, меншік түріне қарамастан ит пен мысықтар иелерінің барлығына қатысты.
      2. Тұрғын үйлерде, оның ішінде туыстық қатынаспен байланысы жоқ емес бір немесе бірнеше отбасыларының өзара тұрып жатқан келісімі болса және көршілерде денсаулығына қатысты медициналық қарама-қайшылық болмаса иттер пен мысықтар ұстауға рұқсат етіледі.
      Жеке иеліктегі үйлері бар қожайындар итті тек байлауда ғана ұстаулары керек. Иттерді еркін қыдыртуға олардың адамдармен кездейсоқ қатынасы мүмкін болмайтындай жақсы қоршалған аулаларда ғана рұқсат етіледі.
      Объектілерді күзету мен мал бағуға пайдаланатын иттер де ветеринарлық зерттеу мен өңдеуден жылма-жыл өткізілуі керек. Соңынан ветеринар инспекторлары төлқұжаттаға тиісті жазба жүргізеді.
      3. Иттер пен мысықтарды ұстаудың міндетті шарты санитарлық-гигиеналық, ветеринарлық-санитарлық ережелердің сақталуы болып табылады.
      4. Жалпы пайдаланатын орындарда: ас ішетін бөлмелерде, дәліздерде, саты алаңдарында, шатырларда, подвалдарда, балкондарда және лоджияларда иттер пен мысықтар ұстауға рұқсат етілмейді.
      5. Жеке адамдардың иелігіндегі, мекемелер, кәсіпорындар, ұйымдар қарауындағы иттер 2 айлық жастан бастап міндетті түрде аудандық ветеринарлық мекемеде тіркеліп, жыл сайын қайта тіркеліп отырылуы керек, құтыру және басқа да ауруларға қарсы егіліп, залалсыздандырып отырылуы тиіс.
      6. Иттерді және мысықтарды елді мекеннен тыс жерлерге сатқан жағдайда залалсыздандырылған, құтыру және басқа да жұқпалы ауруларға қарсы егілген күні көрсетілген ветеринарлық куәлік ресімделуі керек.
      7. Иттер мен мысықтарды тері мен етін пайдалану үшін өсіруге болмайды.
      8. Итпен мысық адамды немесе малды тістеп алған жағдайда иелері тез арада жақын орналасқан ветеринарлық мекемеге хабарлауға және қаратуға әкелуі тиіс.
      9. Қоғамдық орындарда иесіне еріп жүрмеген иттер мен мысықтар, дүкендер, ауруханалар, дәріханалар, тұрмыстық қызмет көрсететін кәсіпорындар және тағы басқа жерлердің қасында иелері байлап қалдырылғанынан басқалары, иесіз болып есептеліп, арнайы қызметтердің көмегімен ұсталуға жатады.

2. Иттер мен мысықтарды ұстау.

      10. Иттер пен мысықтарды иелері биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұстап, оларға аяушылықпен қарап, қараусыз қалдырмай, тамақ пен суын беріп, ұрмай, ауырған кезде уақытында ветеринарлық көмекке жүгінуі керек.
      11. Иттер пен мысықтардың иелері үйді және үйге жанасатын аумақтардың санитарлық жағдайын таза ұстауы тиіс.
      Иттердің үйге кіретін есік алдын, көтерілетін сатыларды, сондай-ақ балалар ойнайтын алаңды, жолдарды ластауына жол берілмейді. Егерде ит немесе мысық осы жерлерге нәжісін тастап кететін болса, иелері оларды тазалауы тиіс.
      12. Иттер мен мысықтар иелері айналасындағы адамдар мен жануалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларды қабылдауы тиіс.
      13. Иттер мен мысықтар иелері ветеринарлық мекемелердің талабы бойынша оларды қаратуға, диагностикалық зерттеуге, профилактикалақ егуге және өңдеуге әкелуі тиіс.
      14. Тұрғын үйлердің алаңдарында иттер мен мысықтарды қыдыртқанда олардың иелері иттердің үруін болдырмай, тыныштықты қамтамасыз етулері керек;
      көше арқылы өткенде және магистральдар маңында жол-көлік апатын болдырмау үшін итті қысқа қарғы баумен ұстау қажет.
      15. Қоғамдық орындарда, көліктерде мас адамдар мен 14 жасқа дейінгі балаларға итті қыдыртуға рұқсат етілмейді.
      16. Азық-түлік дүкендеріне, сауда орталықтарына, қоғамдық тамақтану орындарында иттермен, мысықтармен кіруге болмайды
      17. Иттерді қыдыртуға алып шыққанда мойнына иттің аты, иесінің мекен-жайы, телефоны жазылып байланған қарғымен алып шығу керек. Үлкен иттердің тұмсығы тұмылдырықтаулы болуы тиіс.
      18. Иелері жақсы қоршалған аумақтарда немесе қарғы бауларын байлай отырып арнайы таблица жазылған учаскеде иттерді еркін қыдырта алады.
      19. Ит асырағанда, жоғалғанда, өлгенде иесі ветеринарлық мекемеге хабарлайды.
      20. Өлген иттер мен мысықтардың мәйітін лақтырып тастауға рұқсат етілмейді.

3. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау.

      21. Қараусыз иттер мен мысықтарды аулау жергілікті атқарушы органдарының құзіретіне сәйкес және белгілеген өкілеттік тәртібі бойынша ұйымдастырылады.

4. Қорытынды ережелер.

      22. Осы Ережені сақтамаған үшін иттер мен мысықтардың иелері «Әкімшілік құқық бұзу туралы» Қазақстан Республикасының 30.01.2001ж. Кодексінің 311 бабына сәйкес жауапты.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады