Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010.07.07 № 194 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5, 7 баптарына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу меншік түрлеріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар және жеке кәсіпкерлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (И.Еришов) ашатын әлеуметтік жұмыс орнының саны, қызмет түрі және айлық жалақысы көрсетілген сұраныс беру арқылы жүзеге асырылады.
Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2009.04.28 № 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін меншік түрлеріне қарамастан аудан ұйымдарына және жеке кәсіпкерлерге "Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесімен келісім-шартқа отырып, осы келісім-шартқа сәйкес 6 ай мерзіміне дейін жұмыссыз азаматтарды жұмысқа қабылдауды жүзеге асыру ұсынылсын.
3. "Шалқар аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ (И.Еришов) белгіленген тапсырма және осы мақсатқа бөлінген қаражат шегінде мекемелер берген қажеттілікке сәйкес жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік жұмыс орындарына уақытша жұмысқа орналастыру үшін жолдасын. Қаржыландыру әр әлеуметтік жұмыс орны үшін 15 мың теңге көлемінде әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмысшылардың 50% еңбекақысын қабылдаған ұйымға немесе жеке кәсіпкерге өтесін. Қаражат ұйымның немесе жеке кәсіпкердің есепшотына бағытталады.
Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2009.04.28 № 139 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4 тармақтан қараңыз) қаулысымен.
4. "Шалқар аудандық қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (А.Баешов) "Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шаралар" бюджеттік бағдарламасы бойынша тиісті жылдың аудан бюджетінде қарастырылған қаражаттар шегінде қаржыландыруды жүзеге асырсын.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары З.Жұмабаеваға жүктелсін.
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі: Р.Сыдықов
Шалқар ауданы әкімдігінің
13 қаңтар 2009 ж. N 30 қаулысына
Қосымша
Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын
ұйымдардың тізімі. (келісімдері бойынша)
N |
Ұйымдардың атауы |
әлеуметтік жұмыс орны |
1 |
"Наурыз" жеке кәсіпкер |
2 |
2 |
"Ұлы Борсық" мемлекеттік қазынашылық кәсіпорын |
2 |
3 |
"Инфраком-сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі |
65 |
4 |
АЗС жеке кәсіпкер |
2 |
5 |
"Арал өңірі тәжірибе стансасы" |
15 |
6 |
"Ыстық нан" жеке кәсіпкер |
4 |
7 |
"Ерзат" өндірістік кооператив |
2 |
8 |
"Салтанат" мейрамханасы |
2 |
9 |
"Керуен" фотосалоны |
6 |
10 |
"Әсем" мейрамханасы |
2 |
11 |
"Дархан" шаруа қожалығы |
3 |
12 |
"Бақатай" шаруа қожалығы |
2 |
13 |
"Ерік" шаруа қожалығы |
1 |
14 |
"Ұялы көл" шаруа қожалығы |
1 |
15 |
"Шаттық" шаруа қожалығы |
2 |
16 |
"Рыскелді" шаруа қожалығы |
1 |
17 |
"Жаңаберген" шаруа қожалығы |
2 |
18 |
"Бақыткелді" шаруа қожалығы |
2 |
19 |
"Жер-Ана" шаруа қожалығы |
2 |
20 |
"Нұрдаулет" шаруа қожалығы |
3 |
21 |
"Азамат" шаруа қожалығы |
1 |
22 |
"Береке" шаруа қожалығы |
3 |
23 |
"Махамбеталин" шаруа қожалығы |
2 |
24 |
"Қонысбай" шаруа қожалығы |
2 |
25 |
"Береке" шаруа қожалығы |
2 |
26 |
"Қайдауыл" шаруа қожалығы |
2 |
27 |
"Жасұлан" шаруа қожалығы |
2 |
28 |
"Жұмағали" шаруа қожалығы |
2 |
29 |
"Наурыз" шаруа қожалығы |
2 |
30 |
"Нәсіпқан" шаруа қожалығы |
1 |
31 |
"Мұрат" шаруа қожалығы |
1 |
Барлығы: |
141 |