Шалқар ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 139 қаулысы. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 27 мамырда № 3-13-108 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010 жылғы 7 шілдедегі № 194 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық әкімдігінің 2010.07.07 № 194 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7, 9 баптарына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 31 бабына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Халықтың мақсатты тобынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" аудан әкімдігінің 2009 жылғы 13 қаңтардағы № 30 қаулысына ( 2009 жылға 20 ақпанда № 3-13-99 болып тіркелген, аудандық "Шалқар" газетінің 2009 жылғы 25 ақпандағы № 8 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін.
      1. Бірінші тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу меншік түрлеріне қарамастан әлеуметтік жұмыс орындарын ұсынатын ұйымдар және жеке кәсіпкерлер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (И.Еришов) ашатын әлеуметтік жұмыс орнының саны, қызмет түрі және айлық жалақысы көрсетілген сұраныс беру арқылы жүзеге асырылады.
      2. Үшінші тармақтың бесінші азат жолындағы "жылына сәйкес Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген ең төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын сомада" деген сөз алынып тасталып, оның орнына "әр әлеуметтік жұмыс орны үшін 15 мың теңге көлемінде" деген сөзбен алмастырылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орныбасары З.Ж.Жұмабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы аудандық әділет басқармасында тіркеліп алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі:                               Р.Сыдықов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады