2009 жылғы 30 қаңтардағы N 103 "Тіркелген салық ставкасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2009 жылғы 24 сәуірдегі N 132 шешімі. Ақтөбе облысының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылдың 13 мамырда N 3-13-107 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 наурыздағы № 202 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Шалқар аудандық мәслихатының 27.03.2018 № 202 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99 "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексі) 422 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Шалқар аудандық мәслихатының Шалқар аудандық әділет басқармасында 2009 жылы 12 ақпанда N 3-13-96 санымен тіркелген, 2009 жылы 18 ақпандағы "Шалқар" газетінің N 8 (8050) санымен жарияланған 2009 жылғы 30 қаңтардағы "Тіркелген салық ставкасын бекіту туралы" кезекті кеңейтілген он екінші сессиясының N 103 шешіміне төмендегідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      2. Шешім тақырыбындағы "бекіту" деген сөзі "белгілеу" деген сөзбен және осы шешімнің мазмұнының 1 тармағындағы "бекітілсін" деген сөз "белгіленсін" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
З. Жолекенов
      Аудандық мәслихат
хатшысы
С. Тулемисов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады