Мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында шаруашылық қызметін шектеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2009 жылғы 5 қаңтардағы N 1 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаментінде 2009 жылы 13 ақпанда N 2027 тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 65122-баптарына, Қазақстан Республикасының "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Заңының 6869-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Алматы облысының бірегей табиғи кешендерін қалпына келтіру және одан әрі дамыту мақсатында облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
       1. Алматы, Қарой, Балқаш маңы мемлекеттік табиғи (кешенді) қаумалдар аумағында, егер мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кез-келген қызметіне жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу енгізу, соның ішінде:
      өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге.
       2. Тоқты, Лепсі, Жоғарғы Көксу, Қоқан мемлекеттік табиғи (зоологиялық) қаумалдар аумағында, егер мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерінің сақталуына қауіп төндірген жағдайда, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың кез-келген қызметіне немесе оларды молықтыруды нашарлатып жіберсе жол бермеу және шаруашылық қызметтеріне шектеу орнату, соның ішінде:
      аң аулауға;
      балық аулауға;
      кез келген тәсілдермен және құралдармен жабайы жануарларды олжалауға;
      өсімдіктер мен жануарлардың бөтен түрлерін жерсіндіруге;
      ұяларды, індерді, апандарды және басқа да мекендеу орындарын бүлдіруге, жұмыртқа жинауға.
       3. Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Райымбек, Балқаш, Алакөл, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандарының әкімдіктері, "Алматы облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Алматы, Қарой, Балқаш маңы, Тоқты, Лепсі, Жоғарғы Көксу, Қоқан мемлекеттік табиғи қаумалдар аумағында қажетті шаралар қабылдасын:
      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларға ауыртпалықтарды белгілеу;
      жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушыларды шаруашылық қызмет шектеулердің енгізілуімен таныстыру.
       4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Т.Д. Досымбековке жүктелсін.
       5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы
      облысының әкімі                            С. Үмбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады