1993 жылы туылған азаматтарды әскерге шақыру учаскесінде тіркеуге алу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2009 жылғы 16 қарашадағы N 11-148 шешімі. Алматы облысы Әділет департаменті Еңбекшіқазақ ауданының әділет басқармасында 2009 жылы 11 желтоқсанда N 2-8-130 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2010 жылғы 03 желтоқсандағы N 12-163 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің 2010.12.03 N 12-163 шешімімен

      Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметке шақыруға жастарды дайындау жұмысын жақсарту мен тіркеуді сапалы, әрі ұйымдасқан түрде өткізу мақсатында аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. 1993 туылған ересек жастағы азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу 2010 жылдың қаңтар - наурыз айлары аралығында жүргізілсін.
      2. Қала және селолық округ әкімдері:
      1) аудандық әскери басқару органдарына шақыру учаскелеріне тіркелуге жататын әскери жасына дейінгілердің тізімін тапсырсын;
      2) әскери міндеттілер мен әскерге шақырушыларды олардың аудандық әскери басқару органдарына шақырылғаны туралы хабардар етуге және олардың дер кезінде келуін қамтамасыз етсін;
      3) әскери-есептік құжаттарында аудандық әскери басқару органдарының әскери есепке алғаны туралы белгілер болған кезде әскери міндеттілер мен әскери шақырушыларды тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жүзеге асырсын;
      4) аудандық әскери басқару органдарына әскер жасына дейінгілерді әскери есепке алуда, азаматтарды әскери қызметке шақыруды жүргізуде көмек көрсетсін.
      3. "Еңбекшіқазақ ауданының ішкі істер басқармасы" мемлекеттік мекемесі (Бахтамбаев Қуандық Омарұлы, келісімі бойынша):
      1) әскери міндеттерін орындаудан жалтарған адамдарды іздестіруді және ұстауды өз кұзіреті шегінде жүзеге асырсын;
      2) анықтау және алдын-алу тергеу органдары жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына оларға қатысты анықтау немесе алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан әскерге шақырылушылар мен әскери міндеттілер туралы хабарлап отырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорнының Алматы облыстық филиалының Еңбекшіқазақ аудандық бөлімшесі (Қабылова Нілпара Іліпбайқызы, келісімі бойынша), жеті күн мерзім ішінде аудандық әскери басқару органдарына мүгедек деп танылған барлық әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтер берсін.
      5. "Еңбекшіқазақ ауданының орталық ауруханасы" мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (Балакойшиев Болат Рысбайұлы, келісімі бойынша) шақыру өткізуді бастар алдында аудандық әскери басқару органдарының сұрау салуы бойынша стационарлық емдеудегі және диспансерлік есепте тұрған әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушылар туралы мәліметтерді хабарласын.
      6. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің бірінші орынбасары Ташполат Жамалұлы Жамаловқа жүктелсін.
      7. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

      Аудан әкімі                                Ә. Тойбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады