Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімдігінің 2010.01 27 N 13 Қаулысымен
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 20-бабына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31-бабы 1 тармағы 13) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақылы қоғамдық жұмыс ұсыныс пен сұранысқа сай, жұмыссыз азаматтар үшін уақытша жұмыс орнын ашу жолымен ұйымдастырылсын. Ұйымдардың тізімі, түрлі жұмыс орындарының саны қосымшаға сәйкес айқындалсын.
2. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (А.Диханбаева):
1) қосымшада көрсетілген қоғамдық жұмыстар көлеміне байланысты жұмыс берушілермен келісім шартқа отырсын;
2) есепте тұрған жұмыссыздарды қоғамдық жұмыстарға жіберуді кезектілік тәртібімен жүзеге асырсын және қоғамдық жұмыстарға тартылған жұмыссыздар мен жұмыс берушілер арасында жасалған екі жақты келісімнің орындалуын қамтамасыз етсін;
3) нақты атқарылған қоғамдық жұмысқа ақы төлеу жұмыс беруші мен жұмыссыздың жеке еңбек келісім шарты бойынша Қазақстан Республикасының жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ең төменгі еңбекақы мөлшерінен төмен емес мөлшерде жұмыс уақытының есебі көрсетілген табель негізінде жүргізілсін.
3. Кербұлақ аудандық Әділет басқармасында нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылдың 31 қаңтарында N 2-13-60 болып тіркелген (аудандық "Кербұлақ жұлдызы" басылымында 2008 жылдың 1 ақпанындағы N 5 санында жарияланған), аудан әкімдігінің 2008 жылғы 24 қаңтардағы "2008 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" N 14 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б. Момбаевқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Н. Жантілеуов
Кербұлақ аудандық әкімдігінің
2009 жылғы 23 қаңтарындағы
"2009 жылы ақылы қоғамдық
жұмыстарды ұйымдастыру туралы"
N 12 қаулысына
қосымша
Ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру түрлері, көлемі және жұмыс берушілердің тізімі
р/с |
Жұмыс берушілер |
Уақытша |
Қатысатын |
Атқарылатын |
Айлық |
Қаржыландыру |
1 |
Сарыөзек, |
Тұрғын үй |
270 адам |
3 ай |
12730 |
Жергілікті |
2 |
"Аудандық |
Балаларды әскерге |
4 адам |
3 ай |
12730 |
Жергілікті |
3 |
Алматы |
Мұрағаттық |
2 адам |
3 ай |
12730 |
Жергілікті |
4 |
Кербұлақ |
Соғыс ардагерлері, |
5 адам |
6 ай |
12730 |
Жергілікті |
5 |
Барлығы |
270 адам |
10911,0 |
Аппарат басшысы С. Мұстафанов