Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қалалық мәслихатының 15.02.2019 № 42-6 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422-бабына сәйкес қалалық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
"Бірыңғай тіркелген салықтың ставкаларын белгілеу туралы" Тараз қалалық мәслихатының 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 17-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-1-90 болып тіркелген, 2009 жылдың 22 мамырында № 40 "Жамбыл-Тараз" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
мазмұны және бүкіл мәтіні бойынша "ставкаларын", "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелерін", "мөлшерлемелері" "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын.
1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тараз қалалық мәслихатының бюджет және қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тараз қалалық | |
мәслихатының хатшысы | Б. Нарбаев |