Жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына түзету коэффициентін бекіту туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2009 жылғы 14 сәуірдегі N 15-10 Шешімі. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 15 мамырда 77 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 11 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1.Қордай ауданы бойынша тау бөктеріндегі-шөлейт-далалық, субтропикалық шөлейт және тау бөктеріндегі-шөлейт аймақтарда орналасқан селолық елді мекендерде жеке меншікке берілетін жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкасына екі есеге кемітетін түзету коэффициенті бекітілсін.
      2. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат           Аудандық мәслихаттың
      сессиясының төрайымы        хатшысы
      Ф. Байбекова                Т.Сүгірбай

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады