Бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпандағы N 14-6 Шешімі. Жамбыл облысы Т. Рысқұлов ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 31 наурызда 79 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 мамырдағы № 2-14 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 04.05.2023 № 2-14 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 422 бабына сәйкес Т. Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Т. Рысқұлов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.

      2. Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 2006 жылдың 23 маусымдағы "Т. Рысқұлов ауданы бойынша кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне арналған салық ставкасы туралы" № 25–13 шешімінің (нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 6-8-23 болып мемлекеттік тіркеуден өткен, "Құлан таңы" газетінің 2006 жылғы 5 тамыздағы № 58 (6178) санында жарияланған) күші жойылсын.

      3. Осы шешім аудандық әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың Аудандық
      сессиясының төрағасы мәслихат хатшысы
      Б. Жиенқұлов П. Сүлейменов

  Т. Рысқұлов аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 25 ақпанындағы
№ 14-6 шешіміне қосымша

Т. Рысқұлов ауданының аумағында қызметін жүзеге асыратын барлық
салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары

Реттік сан №

Салық салу объектісінің атауы

* Тіркелген салықтың ставкалары мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

1

2

3

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4.

Ойын жолы

5

5.

Карт

2

6.

Бильярд үстелі

5

      * Ескерту - айына, салық салу объектісінің бірлігіне тіркелген салықтың ставкаларының мөлшері

      Ескерту. Қосымшаға өзгерту енгізілді - Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2010.11.15 № 29-11 шешімімен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады