Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Т. Рысқұлов аудандық мәслихатының 04.05.2023 № 2-14 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 422 бабына сәйкес Т.Рысқұлов аудандық мәслихат сессиясы ШЕШІМ ЕТТІ:
1."Бірынғай тіркелген салық ставкаларын белгілеу туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2009 жылғы 25 ақпанындағы № 14-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-8-79 болып тіркелген, 2009 жылдың 25 сәуірдегі № 33 "Құлан таңы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
Аталған шешімнің қосымшасындағы № 6 жолындағы "6" саны "5" саны болып өзгертілсін.
2.Осы Шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат | Аудандық |
сессиясының төрағасы | мәслихат хатшысы |
С.Өскенбаев | П. Сүлейменов |