"2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 295 Қаулысы. Жамбыл облысы Талас ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 04 тамызда 83 нөмірімен тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      «2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»  Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 1 бабын, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 20 бабының 1 тармағына сәйкес және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысымен бекітілген «Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесі» негізінде аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-74 болып тіркелген, 2009 жылдың 14 наурызында «Талас тынысы» газетінде жарияланған; «2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Талас ауданы әкімиятының 2009 жылғы 27 қаңтардағы № 57 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Талас ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 28 сәуірдегі № 182 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6-10-79 болып тіркелген, 2009 жылдың 3 маусымында № 51 «Талас тынысы» газетінде жарияланған) өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) келесі өзгеріс енгізілсін:
      4 тармақтағы:
      «13470» деген cандар «13717» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын қадағалау аудан әкімінің орынбасары С. Дадабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан Әкімі          О. Жиенқұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады