2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы N 19/226 шешімі. Қарағанды облысы Жезқазған қаласы Әділет басқармасында 2010 жылғы 28 қаңтарда N 8-2-108 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010 жылғы 5 сәуірдегі N 22/269 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жезқазған қалалық мәслихатының 2010.04.05 N 22/269 шешімімен.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексіне сәйкес, Жезқазған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2010 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшері белгіленсін.
      2. "2009 жылға арналған Жезқазған қаласы аумағында бірлік объектілерге салық салудың белгіленген жиынтық салықтың мөлшерін белгілеу туралы" қалалық мәслихаттың 2009 жылғы 31 шілдедегі N 16/187 (2009 жылдың 26 тамызында Жезқазған қаласы әділет басқармасында 8-2-95 нөмірімен тіркелген және 2009 жылдың 4 қыркүйегінде "Сарыарқа" газетінің 92 (7585) нөмірінде ресми жарияланған), шешімі өз күшін жойды деп танылсын.
      3. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      4. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларына жүктелсін.

      Сессия төрағасы                            Н. Ярмак

      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы                                    Қ. Әбдіров

      Келісілді:

      "Жезқазған қаласы бойынша
      салық басқармасы"
      мемлекеттік мекемесінің бастығы           Б.Д. Ахметов
      22.12.2009 ж.

Жезқазған қалалық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
N 19/226 шешіміне қосымша

Айына бірлік объектілерге тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері

Рет N

Салық салу объектісінің атауы

2010 жылға 1 объектіге тіркелген салықтың базалық ставкаларының мөлшері (айлық есептік көрсеткіш)

Белгіленген жиынтық салықтың сомасы бір айға

Белгіленген жиынтық салықтың сомасы бір айға

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

Белгіленген жиынтық салық

1.

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

16956

1413

2.

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

1

16956

1413

3.

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

2

33912

2826

4.

Ойын жолы

17

288252

24021

5.

Карт

4

67824

5652

6.

Бильярд үстелі

17

288252

24021

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады