Қазақстан Республикасы азаматтарының 2009 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылғы 07 мамырдағы N 124 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласы Әділет басқармасында 2009 жылғы 28 мамырда N 8-7-85 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 96 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010.04.29 N 96 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан–желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 779 Жарлығының 3 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2009 жылдың сәуір-маусымында және қазан– желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 779 Жарлығын іске асыру туралы" N 543 қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысын орындау үшін, 1991 жылы туған азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге шақырылуын ұйымдастыру және сапалы өткізу, әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге баруын жоспарлы және ұйымдастырылған түрде жіберу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 26 үй мекен-жайы бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 20 бабының 1 тармағына сәйкес келесі құрамда қалалық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:

Комиссия төрағасы
Қайрат Балташұлы Әбішев            Саран қаласының қорғаныс істері
                                   жөніндегі бөлімнің бастығы
                                   (келісімі бойынша)
Комиссия төрағасының орынбасары:
Татьяна Васильевна Гапонова        "Саран қаласының ішкі саясат
                                   бөлімі" мемлекеттік мекемесі
                                   бастығының міндетін атқарушы

Комиссия мүшелері:
Ерболат Тыныбекұлы Балабеков       Саран қаласының ішкі істер
                                   бөлімі бастығының орынбасары
                                   (келісімі бойынша)
Владимир Герасимович Чен           "Саран қаласының емханасы"
                                   коммуналдық мемлекеттік
                                   қазыналық кәсіпорнының
                                   отоларинголог-дәрігері,
                                   медициналық персонал
                                   жұмысына басшылық етуші,
                                   медициналық комиссия төрағасы.
Юрий Михайлович Кривоносов         Саран қаласының қорғаныс істері
                                   жөніндегі бөлімнің әскери
                                   қызметкерлерді келісім шарт
                                   бойынша жинау және шақыру
                                   бөлімшесінің бастығы
                                   (келісімі бойынша)
Хатшы
Галина Анатольевна Локшина         "Саран қаласының емханасы"
                                   коммуналдық мемлекеттік
                                   қазыналық кәсіпорнының медбикесі

Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің орнына мына құрамнан резерв қарастырылсын:

Комиссия төрағасы:
Абай Кәріғұлұлы Құнанбаев          Саран қаласының қорғаныс істері
                                   жөніндегі бөлімі бастығының
                                   орынбасары (келісімі бойынша)
Комиссия
төрағасының орынбасары:
Арайлым Өміржановна Баймағамбетова "Саран қаласының ішкі саясат
                                   бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
                                   бас маманы

Комиссия мүшелері:
Қайыржан Мәкімұлы Бөпебаев         "Саран қаласының емханасы"
                                   коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                   кәсіпорнының хирург-дәрігері,
                                   медициналық персонал жұмысына
                                   басшылық етуші, резервтегі
                                   медициналық комиссия төрағасы
Мұрат Саймасайұлы Байғараев        Саран қаласы қорғаныс істері
                                   жөніндегі бөлімінің прапорщигі.
Інібек Молдабайұлы Қалиев          Саран қаласының ішкі істер
                                   бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік
                                   бөлімшесі бастығының орынбасары
                                   (келісімі бойынша)
Хатшы:
Наталья Петровна Малюкова          "Саран қаласының емханасы"
                                   коммуналдық мемлекеттік қазыналық
                                   кәсіпорнының медбикесі

      1) қалалық әскерге шақыру комиссиясы Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 19, 20, 21, 23, 27, 28 баптары Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі" талаптарын өз жұмысында қатаң басшылыққа алсын;
      2) 2009 жылға азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесі бекітілсін;
      3) комиссия төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін;
      4) Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 44 бабы, 4 тармағына сәйкес комиссия мүшелері медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскери шақыру міндеттерін орындаған уақытта олардың жұмыс орны, лауазымы және орташа еңбекақысы сақталсын.
      3. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы (Қ.Б. Әбішев) (келісімі бойынша):
      1) белгіленген мерзімде әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды шақыруды жүргізсін және әскерге шақырылғандардың шақыру учаскесіне келуін бақылаумен қамтамасыз етсін;
      2) қалалық ішкі істер бөліміне әскерге шақырылғандар шақыру комиссиясына себепсіз келмеу жағдайлары жөнінде, оларға іздеу салу үшін хабарласын;
      3) әскери міндеттіліктен қасақана бас тартқандарды, сонымен қатар әскери қызметке азаматтардың келуіне кедергі жасағандарды, заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартсын;
      4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының белгіленген тәртіпте, мерзімде әскерге шақыру компаниясын өткізуге қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында әскерге шақыру компаниясын өткізу және әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге жіберу кезінде, оларды көлікпен тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алулар өткізсін;
      5) әскерге шақырту компаниясын өткізу және өткізіліп жатқан әскерге шақырылғандар мен азаматтарды медициналық куәландыру кезеңінде паразиттік және жұқпалы аурулардың пайда болуына және олардың таратылуына жол бермеу мақсатында, барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
      6) Саран қаласының әкіміне 1991 жылы туған және шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты 2009 жылы 1 шілдеге және 31 желтоқсанға дейін тапсырсын.
      4. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңына сәйкес Қарағанды облысы денсаулық сақтау Басқармасының бастығы (М.З. Шайдаров) (келісімі бойынша):
      1) қаланың әскерге шақыру комиссиясына әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды медициналық куәландыру үшін келесі мамандықтар бойынша жұмыс өтілі бар қажетті маман-дәрігерлер саны: хирург, терапевт, невропотолог, психиатр, окулист, отоларинголог, стоматолог, орта медициналық персоналдар бөлсін.
      Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген дәрігер-мамандар орнына резерв қарастырылсын;
      2) әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақыртылғандарды қалалық емделу стационарлық мекемелерінде қосымша тексеру үшін қажет ауруханалық резерв төсек-орындары болсын;
      3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебіне және жоспарына сәйкес Саран қаласы және Ақтас кентінің емделу мекемелері арқылы барлық әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды флюорография, электрокардиограмма, анализдерінің тапсырылуын қамтамасыз етсін;
      4) мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтардың тіркелімі өткеннен кейін және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы медициналық куәландыру кезінде денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке уақытша жарамсыз болып танылған әскерге шақырылатындардың тізімін ұсынғаннан кейін, оларды емдеу мекемелеріне бекітсін және олардың емделуін қамтамасыз етсін.
      5. Ақтас кентінің әкімі, нысана түріне қарамастан, қаланың білім беру ұйымдарының және басқа ұйымдар мен мекемелерінің басшыларына:
      1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының талабы бойынша іссапарларға, демалыстарға кеткен әскерге шақыртылған азаматтар Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде комиссиядан өту үшін қайта шақыртылсын, олардың құлақтандырылуын ұйымдастырсын және әскерге шақыру комиссиясына азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақыртылған азаматтар әскерге шақыртылу, стационарлық медициналық тексерілу, сондай-ақ амбулаторлық зерттеулер кезінде жұмыстан босатылсын;
      3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақырту қағазы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтармен толықтай есеп айырыссын.
      6. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О. Тұңғышбаева) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша әскерге шақыру кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін 5 қоғамдық жұмыскер бөлсін.
      7. Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 18 бабы 3, 5 тармақтарына, 44 бабы 2 тармағына сәйкес Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы (Е.Б. Рахымбергенов) (келісімі бойынша):
      1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығына әскерге шақыртылған азаматтарға қатысты тергеу және алдын ала анықтау жүргізілуі жөнінде жеті күн мерзім ішінде хабар берсін;
      2) жалпыға бірдей әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың іздестірілуін, ұсталуын және жеткізілуін жүргізсін;
      3) әскери бөлімдерге шақыртылған азаматтарды әскерге жіберу кезеңінде шақырту пунктінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      8. "Саран қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Б. Малшыбекова) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырылған құжаттары бойынша 2009 жылға арналған қаржыландыруын жиынтық жоспарына сәйкес әскерге шақыру кампаниясының уақтылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      9. "Саран қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мекемесінің бастығы (Л.А. Мартель) мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтарға көркемөнерпаздық және шығармашылық ұжымдардың салтанатты шығарып салу күндерін ұйымдастырсын.
      10. Осы қаулының қабылдануына байланысты, Саран қаласы әкімдігінің осындай 2008 жылдың 10 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы азаматтарының 2008 жылы сәуір-маусым және қазан-желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы" N 175 қаулысы (Саран қаласының әділет басқармасында тіркелген (N 8-7-62) және 2008 жылғы 26 сәуірдегі қалалық "Ваша газета" газетінің 17 нөмірде жарияланған), сонымен қатар, Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 тамыздағы "Саран қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 10 сәуірдегі "Қазақстан Республикасы азаматтарының 2008 жылы сәуір-маусым және қазан- желтоқсанда мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы" N 175 қаулысының 2 тармағына өзгерістер енгізу туралы" N 385 қаулысы (Саран қаласының әділет басқармасында тіркелген (N 8-7-69), 2008 жылғы 27 қыркүйектегі қалалық "Ваша газета" газетінің 39 нөмірде жарияланған) өз күшін жойды деп танылсын.
      11. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және қалалық газетінде ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.
      12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Н. Кимге жүктелсін.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Саран қаласының қорғаныс
      ісі жөніндегі бөлімінің бастығы
      Қ.Б. Әбішев
      7 мамыр 2009 жыл

      Саран қаласының ішкі істер
      бөлімінің бастығы
      Е.Б. Рахымбергенов
      7 мамыр 2009 жыл

      Қарағанды облысы
      денсаулық сақтау
      Басқармасының бастығы
      М.З. Шайдаров
      7 мамыр 2009 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады