Қазақстан Республикасы азаматтарының 2010 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Саран қаласы әкімдігінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі N 96 қаулысы. Қарағанды облысы Саран қаласының Әділет басқармасында 2010 жылғы 07 мамырда N 8-7-106 тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2011 жылғы 21 сәуірдегі N 5-2/748 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Қарағанды облысы Саран қаласының әкімінің 2011.04.21 N 5-2/748 хатымен).

       Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңы 18 бабының 3, 5 тармақтары, 19 бабы, 20 бабының 1 тармағы, 21, 23, 27, 28 баптары, 44 бабының 2, 4 тармақтары негізінде және Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылы 29 наурыздағы "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" N 960 Жарлығының 3 тармағын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі "Белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2010 жылдың сәуір - маусымында және қазан - желтоқсанында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 наурыздағы N 960 Жарлығын іске асыру туралы" N 313 қаулысын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы "Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы" N 623 қаулысын орындау үшін, 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру, сондай-ақ шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтардың әскерге шақырылуын ұйымдастыру және сапалы өткізу, әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге баруын жоспарлы және ұйымдастырылған түрде жіберу мақсатында, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 31, 37 баптарын басшылыққа алып, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Саран қаласы, Жеңіс көшесі, 26 үй мекен-жайы бойынша Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскерге шақыру учаскесі ұйымдастырылсын.
      2. Келесі құрамда қалалық әскерге шақыру комиссиясы құрылсын:

Комиссия төрағасы:

      Қайрат Балташұлы                    Саран қаласының қорғаныс
      Әбішев                              істері жөніндегі бөлімінің
                                          бастығы (келісімі бойынша)

Комиссия төрағасының орынбасары:

      Ольга Витальевна                   "Саран қаласының ішкі саясат
      Алиева                              бөлімі" мемлекеттік
                                          мекемесінің бас маманы

Комиссия мүшелері:

      Қайрат Үлгіліұлы                    Саран қаласының ішкі істер
      Шаяхметов                           бөлімі бастығының
                                          орынбасары (келісімі
                                          бойынша)

      Владимир Герасимович                "Саран қаласының емханасы"
      Чен                                 коммуналдық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорнының
                                          отоларинголог-дәрігері,
                                          медициналық персонал
                                          жұмысына басшылық етуші,
                                          медициналық комиссия
                                          төрағасы

      Галина Анатольевна                  "Саран қаласының емханасы"
      Локшина                             коммуналдық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорнының
                                          медбикесі, хатшы

      Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген әскерге шақыру комиссия мүшелерінің орнына мына құрамда резерв қарастырылсын:

Комиссия төрағасы:

      Абай Кәріғұлұлы                     Саран қаласының қорғаныс
      Құнанбаев                           істері жөніндегі бөлімі
                                          бастығының орынбасары
                                          (келісімі бойынша)

Комиссия төрағасының орынбасары:

      Арайлым Өміржанқызы                 "Саран қаласының ішкі
      Баймағамбетова                      саясат бөлімі" мемлекеттік
                                          мекемесінің бас маманы

Комиссия мүшелері:

      Светлана Юрьевна                    "Саран қаласының емханасы"
      Горностаева                         коммуналдық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорнының
                                          терапевт - дәрігері

      Інібек Молдабайұлы                  Саран қаласының ішкі істер
      Қалиев                              бөлімінің қоғамдық
                                          қауіпсіздік бөлімшесі
                                          бастығының орынбасары
                                          (келісімі бойынша)

      Наталья Петровна                    "Саран қаласының емханасы"
      Малюкова                            коммуналдық мемлекеттік
                                          қазыналық кәсіпорнының
                                          медбикесі, хатшы

      3. Қалалық әскерге шақыру комиссиясы 2010 жылға арналған азаматтарды көктемгі және күзгі мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу кестесін бекітсін.
      4. Қалалық әскерге шақыру комиссиясының төрағасы комиссия отырысын толық емес құрамда жүргізуге жол бермесін және белгіленген мезгілде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырылуын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Қазақстан Республикасының "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының талаптарының орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Комиссия мүшелерінің медициналық, техникалық қызметкерлерінің әскери шақыру міндеттерін орындаған уақытында олардың жұмыс орны, лауазымы және еңбекақысы сақталсын.
      6. Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы (Қ.Б. Әбішев) (келісімі бойынша):
      1) белгіленген мезгілде әскерге шақыру комиссиясына азаматтарды шақыруды жүргізсін және әскерге шақырылғандардың шақыру учаскесіне келуін бақылауды қамтамасыз етсін;
      2) Саран қаласының ішкі істер бөліміне әскерге шақырылғандардың шақыру комиссиясына себепсіз келмеу жағдайлары жөнінде, оларға іздеу салу үшін хабарласын;
      3) әскери міндеттіліктен қасақана бас тартқандарды, сонымен қатар әскери қызметке азаматтардың келуіне кедергі жасағандарды, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартсын;
      4) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 маусымдағы "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңымен белгіленген тәртіпте, әскерге шақыру кампаниясын өткізуге қалалық бюджеттен бөлінген қаржыны тиімді пайдалану мақсатында әскерге шақыру кампаниясын өткізу және әскерге шақырылғандарды әскери бөлімдерге жіберу кезінде, оларды көлікпен тасымалдау бойынша қызмет көрсету үшін мемлекеттік сатып алулар өткізсін;
      5) әскерге шақыру кампаниясын өткізу және әскерге шақырылғандар мен азаматтарға жүргізіліп жатқан медициналық куәландыру кезеңінде паразиттік және жұқпалы аурулардың пайда болуына және таратылуына жол бермеу мақсатында, барлық дәрігерлік кабинеттерде санитарлық-эпидемиологиялық нормалары мен ережелерінің қатаң сақталуын қамтамасыз етсін;
      6) 2010 жылғы 1 шілде және 31 желтоқсан күніне Саран қаласының әкіміне 1992 жылы туған еркек жынысты азаматтарды және шақыруды кейінге қалдыру немесе шақырудан босату құқығы жоқ 27 жасқа дейінгі азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың қорытындылары туралы ақпаратты тапсырсын.
      7. Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы (Е.Ә. Әбілқасымов) (келісімі бойынша):
      1) қаланың әскерге шақыру комиссиясына әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды медициналық куәландыру үшін келесі мамандықтар бойынша жұмыс өтілі бар қажетті маман-дәрігерлер саны: хирург, терапевт, невропотолог, психиатр, окулист, отоларинголог, дерматовенеролог, стоматолог, орта медициналық персоналдар бөлсін. Ауырып қалу немесе басқа да себепті жағдайлармен келмеген дәрігер - мамандар орнына резерв қарастырсын;
      2) әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша әскерге шақыртылғандарды қалалық емделу стационарлық мекемелерінде қосымша тексеру үшін қажет ауруханалық резерв төсек – орындары болсын;
      3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің есебіне және жоспарына сәйкес Саран қаласы және Ақтас поселкесінің емделу мекемелері арқылы барлық әскерге шақырылу жасындағы азаматтарды флюорография, электрокардиограмма, анализдердің тапсырылуын қамтамасыз етсін;
      4) мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыруды өткізгеннен және Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы медициналық куәландыру кезінде денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған әскерге шақыртылғандардың тізімін ұсынғаннан кейін оларды емдік мекемелерге орналастырсын және емделуін қамтамсыз етсін.
      8. Ақтас поселкесінің әкімі, қаланың білім беру ұйымдарының және нысана түріне қарамастан басқа ұйымдар мен мекемелерінің басшыларына:
      1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының талабы бойынша іссапарларға, демалыстарға кеткен әскерге шақыртылған азаматтар Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде комиссиядан өту үшін қайта шақыртылсын, оларға хабарлауды ұйымдастырсын және әскерге шақыру комиссиясына азаматтардың келуін қамтамасыз етсін;
      2) әскерге шақыртылған азаматтар әскерге шақыру, стационарлық медициналық тексерілу, сондай-ақ амбулаторлық тексерулер кезінде жұмыстан босатылсын;
      3) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру қағазы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыртылған азаматтармен толықтай есеп айырыссын.
      9. "Саран қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (К.О. Тұңғышбаева) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығының тапсырмасы бойынша әскерге шақыру кезеңіне техникалық жұмыстарды атқару үшін жұмыссыз азаматтар санынан 5 қоғамдық жұмыскер адам бөлсін.
      10. Саран қаласының ішкі істер бөлімінің бастығы (Е.Б. Рахымбергенов) (келісімі бойынша):
      1) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығына әскерге шақырылатын азаматтарға қатысты тергеу және алдын ала анықтау жүргізілуі жөнінде жеті күн мерзім ішінде хабар берсін;
      2) жалпыға бірдей әскери борышын өтеуден бас тартқан азаматтардың іздестірілуін, ұсталуын жүргізсін;
      3) әскерге шақыру пунктінде және әскерге шақыртылған азаматтарды әскери бөлімдерге жіберу кезінде қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етсін.
      11. "Саран қаласының қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы (Р.Б. Малшыбекова) Саран қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің тапсырған құжаттары бойынша 2010 жылға арналған қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес әскерге шақыру компаниясының уақытылы қаржыландырылуын қамтамасыз етсін.
      12. Саран қаласы әкімдігінің 2009 жылдың 7 мамырдағы "Қазақстан Республикасы азаматтарының 2009 жылы мерзімді әскери қызметке шақырылуын өткізу туралы" N 124 қаулысы (2009 жылғы 28 мамырда Саран қаласының Әділет басқармасында 8-7-85 нөмірмен тіркелді және "Ваша газета" газетінде 2009 жылғы 5 маусымдағы N 23 (486) жарияланды) өз күшін жойды деп танылсын.
      13. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Е. Блокқа жүктелсін.
      14. Осы қаулы Саран қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін өз күшіне енеді және бұқаралық ақпараттық құралдарында алғашқы ресми түрде жарияланған күннен кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      Саран қаласының әкімі                      Е. Жиенбеков

      КЕЛІСІЛГЕН

      Қарағанды облысы
      денсаулық сақтау
      басқармасының бастығы
      Е.Ә. Әбілқасымов
      27 сәуір 2010 жыл

      Саран қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлімінің бастығы
      Қ.Б. Әбішев
      27 сәуір 2010 жыл

      Саран қаласының ішкі
      істер бөлімінің бастығы
      Е.Б. Рахымбергенов
      27 сәуір 2010 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады