Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімдігінің 2010.03.11 N 04/29 қаулысымен.
Мекемелерден түскен өтінімдеріне байланысты, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы N 836 қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландырудың ережесіне сәйкес Абай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Абай ауданы әкімдігінің 2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/03 "2009 жылға қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 12 қаңтарда N 8-9-52 тіркелген, "Абай-Ақиқат" аудандық газетінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы N 4 (3749) басылымында жарияланған келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыдағы қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары І.І. Ісләмовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Т. Алтынбеков
Абай ауданы әкімдігінің
2009 жылғы 20 сәуірдегі N 10/05
қаулысына қосымша
Абай ауданы әкімдігінің
2008 жылғы 18 желтоқсандағы N 35/03
қаулысымен бекітілген
2009 жылға Абай ауданының кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері бойынша қоғамдық жұмыстардың түрлері мен көлемдерінің тізімі
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер |
Адамдардың саны |
Қоғамдық жұмыстардың түрлері |
Абай ауданы әкімдігі жанындағы "Жігер-2004" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны |
256 |
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту және басқа жұмыстар |
Пәтерлер меншіктенушілердің кооперативтері |
40 |
Үйлерді қысқы жылыту кезеңіне дайындау және басқа жұмыстар |
Қала, ауыл, кент әкімдерінің аппараттары, аудан әкімінің аппараты |
70 |
Тұрғын үй массивтерінің аумақтарын қоқыстардан, қардан тазарту, қаланы көркейту, көгалдандыру, экологиялық жақсарту. Қосалқы, жөндеу-құрылыстық жұмыстары, салық жинауға, статистикалық сауалнамалар өткізуге көмектесу, тұлғаларға (отбасыларға) атаулы әлеуметтік көмекке және мемлекеттік балалар жәрдемақысына құжат жинауға көмектесу және басқа жұмыстар |
Абай ауданының қаржы бөлімі, Абай ауданының қазынашылық бөлімі, Абай ауданының жер қатынастары бөлімі, Абай ауданының құрылыс бөлімі, Абай ауданының архитектура және қала құрылысы бөлімі, Абай ауданы бойынша агрокәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекциясы комитетінің аумақтық инспекциясы, Абай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі |
17 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, мұрағат, курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының денсаулық сақтау мекемелері |
6 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары, аумақтарды көркейту және басқа жұмыстар |
Абай ауданының мәдениет мекемелері |
10 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстар. Жылыту кезеңінде қосалқы жұмыстар. Мәдени шаралар өткізу және басқа жұмыстар |
Әлеуметтік көмек көрсету мекемелері (Абай ауданы бойынша зейнетақы төлеудің мемлекеттік орталығы, Абай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік оңалту орталығы) |
20 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықтың әлсіз топтарына көмек және қызмет көрсету, мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының қорғаныс ісі жөніндегі бөлімі |
20 |
Әскерге шақыру және жазылу кампанияларын өткізу кезеңінде құжаттандыруға және шақыруларды таратуға көмектесу және басқа жұмыстар |
Абай аудандық прокуратурасы, Абай аудандық соттар, Абай аудандық ішкі істер басқармасы, Абай аудандық Әділет басқармасы, сот орындаушыларының аумақтық бөлімдері, Абай ауданы қылмыстық-атқару инспекциясы |
45 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Халықты құжаттандыруға көмектесу. Мұрағат құжаттарын өңдеу. Курьерлік және басқа жұмыстар |
Абай ауданының төтенше жағдайлар бөлімі |
3 |
Халықты өрт қауіпсіздігіне оқыту және басқа жұмыстар |
Ауыл және кент әкімдерінің аппараттары |
60 |
Мал асырау және ауылшаруашылық өнімдерін өсіру бойынша бригадаларды ұйымдастыру |
Абай ауданының статистика бөлімі |
30 |
Халықтың және малдың санағын жүргізуге көмектесу, халық арасында әлеуметтік сауалнама өткізу |
Абай ауданы бойынша салық басқармасы |
19 |
Халықтан салық жинауға көмектесу. Есеп кампаниясын өткізуге көмектесу және басқа жұмыстар |
"Казавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қарағанды облыстық филиалының 42 жол-жөндеу учаскесі |
2 |
Республикалық маңызы бар жолдарды жөндеу, көркейту және басқа жұмыстар |
Абай ауданының кәсіпкерлік бөлімі |
2 |
Қосалқы және жөндеу-құрылыстық жұмыстары. Курьерлік және басқа жұмыстар |
Барлығы |
600 |