Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2010 жылғы 29 қарашадағы N 2 шешімі. Қарағанды облысы Абай ауданының Әділет басқармасында 2010 жылғы 7 желтоқсанда N 8-9-91 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы N 3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Абай ауданы әкімінің 2010.12.26 N 3 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Заңының 17 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33 бабына сәйкес, Абай ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған азаматтарды тіркеуді өткізу, оларды әскери есепке алуды, олардың санын, әскери қызметке жарамдылығын және денсаулық жағдайын анықтау, жалпыбілімдік деңгейін және мамандығын белгілеу, шақырушылардың дене шынықтыруының дайындық деңгейін анықтау мақсатында, Абай ауданының әкімі ШЕШТІ:
      1. Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1994 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеу, 2011 жылдың қаңтар айынан наурызына дейін өткізілсін.
      2. Абай ауданының ауыл, ауылдық округтар және кент әкімдері ұландардың Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру комиссиясына ұйымдастырушылық және міндетті келуін қамтамасыз етсін.
      3. Абай ауданының әкімінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы "Абай ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыру учаскесіне 1993 жылы туған ер жынысты азаматтарды тіркеуді өткізу туралы" N 3 шешімінің (Абай ауданының Әділет басқармасында 2009 жылдың 11 желтоқсанында N 8-9-72 тіркелген, аудандық жұма сайынғы "Абай-Ақиқат" газетінде 2010 жылдың 1 қаңтарында N 1-2 және 2010 жылдың 9 сәуірінде  N 17 шығарылымда жарияланған) күші жойылсын.
      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Абай ауданы әкімінің орынбасары Махамбет Төлеубайұлы Жаңабергеновке жүктелсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай ауданының әкімі                       Е. Нашаров

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады