Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік–аумақтық құрылысы туралы" Заңының 12 бабының 5-1 тармақшасының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыс тұжырымдамасы туралы" N 45 Қаулысының, 2007 жылғы 12 наурыздағы аудандық ономастикалық комиссияның N 8 ұйғарымы негізінде аудандық Мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ және аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Б. Күжікенов аты берілсін.
2. Жаңаарқа аудандық Мәслихатының 2007 жылғы 22 қарашадағы ІV-сессиясының "Атасу кентінің Қарауылтөбе көшесіне еңбек ардагері Баян Халетұлы Күжікеновтың атын беру туралы" N 4/36 шешімінің күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалысын қадағалау аудандық Мәслихаттың халықты әлеуметтік қорғау және заңдылықты сақтау жөніндегі тұрақты комиссияға тапсырылсын.
4. Осы бірлескен шешім мен қаулы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі Х. Омаров
Аудандық Мәслихаттың кезектен тыс
ХVIII-ші сессиясының төрағасы Ж. Рыспеков
Аудандық Мәслихаттың хатшысы Д. Жұмасейітов