Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы "2009 жылға қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" № 10/05 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 09 желтоқсандағы N 21/06 қаулысы. Қарағанды облысы Нұра ауданының Әділет басқармасында 2009 жылғы 25 желтоқсанда N 8-14-110 тіркелді. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011 жылғы 13 сәуірдегі N 8-9/304 хатымен)

      Ескерту. Мерзімінің өтуіне байланысты қолданылуы тоқтатылды (Қарағанды облысы Нұра ауданы әкімі аппараты басшысының 2011.04.13 N 8-9/304 хатымен).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 12 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан-жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 765 Жарлығына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудан әкімдігінің 2009 жылғы 19 маусымдағы "2009 жылға қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" N 10/05 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 8-14-97 болып тіркелген, 2009 жылғы 25 шілдедегі N 30 аудандық "Нұра" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін: осы қаулының қосымшасына сәйкес, көрсетілген қаулының қосымшасы жаңа редакцияда мазмұндалсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Зара Ахметжанқызы Даутоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                С. Шайдаров

Қосымша
Аудан әкімдігінің
2009 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 21/06 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН

Нысаналы топтардың 144 жұмыссыз азаматтар үшін үш ай және алты ай мерзімге қосымша әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын
Нұра ауданының жұмыс берушілер тізбесі:

Атауы

адресі

Жұмысшылардың саны

1

"Қарой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қарой ауылы

6

2

"Қаратал" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны

Киевка кенті

19

3

"Казахавтодор" республикалық мемлекеттік кәсіпорыны

Киевка кенті

5

4

"Отқанжар" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Изенді ауылы

21

5

"Құланөтпес" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құланөтпес аулы

20

6

"Абильдина" жеке кәсіпкер

Киевка кенті

7

7

"Жартас" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Ақмешіт ауылы

5

8

"Жараспай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жараспай ауылы

6

9

"Абсатарова" жеке кәсіпкер

Киевка кенті

4

10

"Индустриальный" өндірістік кооперативі

Тассуат ауылы

4

11

"Карабаева" жеке кәсіпкер

Киевка кенті

4

12

"Айтешева А.С." шаруа
қожалығы

Шахтерское ауылы

13

13

"Алпыс" шаруа қожалығы

Кертінді ауылы

6

14

"Ранерт" жеке кәсіпкер

Киевка кенті

1

15

ұра Астық 2005" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Майоровка ауылы

5

16

"Черниговский и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Көбетей ауылы

18

Барлығы

144

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады