Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 32 сессиясының 2010.12.22 N 312 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес Нұра аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Г. Прокоп) жүктелсін.
3. "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы 12 сессиясының N 154 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2009 жылы 28 қаңтарда N 8-14-89 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2009 жылы 28 ақпанда N 9 (5092) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы,
аудандық мәслихат хатшысы Е. Туранов
Нұра аудандық мәслихатының
2009 жылғы 22 желтоқсандағы
22 сессиясының
N 235 шешімімен бекітілген
қосымша
N |
Объектінің түрі |
1 объектіден алынатын тіркелген жиынтық салық мөлшері (айлық есеп көрсеткіші) |
1. |
Ойын жүргізу үшін бір ойыншыға арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Ойын жүргізу үшін бірнеше ойыншының қатысуына арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын жүргізу үшін қолданылатын компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд столы |
3 |