Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Нұра аудандық мәслихатының 2 сессиясының 2012.02.16 N 19 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексінің 422 бабының 2 тармағына сәйкес аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшері қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, өнеркәсіп, құрылыс, жолаушылар көлігі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, аграрлық мәселелері және экология жөніндегі тұрақты комиссияға (Г. Прокоп) жүктелсін.
3. "Бір салық салу объектісінен алынатын тіркелген жиынтық салық ставкаларының мөлшерін белгілеу туралы" Нұра аудандық мәслихатының 2009 жылғы 22 желтоқсандағы 22 сессиясының N 235 шешімінің (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізіміне 2010 жылы 18 қаңтарда N 8-14-111 болып тіркелген, "Нұра" газетінің 2010 жылы 23 қаңтарда N 4 (5140) санында жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы С. Кұрманов
Аудандық мәслихаттың хатшысы Е. Тұранов
2010 жылғы 22 желтоқсандағы
32 сессиясының
Нұра аудандық мәслихатының
N 312 шешіміне қосымша
N |
Объектінің түрі |
1 объектіден алынатын тіркелген жиынтық салық мөлшері (айлық есеп көрсеткіші) |
1. |
Ойын жүргізу үшін бір ойыншыға арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
2. |
Ойын жүргізу үшін бірнеше ойыншының қатысуына арналған ұтыссыз ойын автоматы |
1 |
3. |
Ойын жүргізу үшін қолданылатын компьютер |
1 |
4. |
Ойын жолы |
5 |
5. |
Карт |
2 |
6. |
Бильярд столы |
3 |