Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2011.07.04 N 222 қаулысымен.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңдарына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығы туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 4 наурыздағы N 765(нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің 2009 жылғы 24 наурыздағы N 10-6-120 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 сәуірдегі N 27 "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының 3-тармағындағы "қаулыларының күші жойылды деп танылсын" деген сөздер "қаулылары жойылсын" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 1-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
1-тармақтағы "қаза тапқан әскери қызметшілердің қайталап некеге отырмаған" деген сөздер "қайтыс болған соғысқа қатысушылардың екінші рет некеге тұрмаған" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"телефон байланысы (Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне және жеңілдіктермен кепілдіктер жағынан соғыс мүгедектеріне теңестірілген адамдарға беріледі)."
7-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген қаулының 2-қосымшасымен бекітілген Жекелеген санаттағы азаматтарға шаштараздар және моншалар қызметтері бойынша әлеуметтік төлемдер беру Нұсқаулығында:
6-тармақтағы "аудан бюджетінен" деген сөздер "тиісті бюджеттен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-қосымшадағы Жалағаш ауданы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесінде:
тақырыбындағы "күші" деген сөз алынып тасталсын.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
АУДАН ӘКІМІ Ө. ШАМЕНОВ