Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 және 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" N 149 Заңдарының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы "Мемлекет басшысының 2009 жылғы 6 наурыздағы "Дағдарыстан жаңару мен дамуға" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" N 264 қаулысын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру
Нұсқаулығы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Әлеуметтік жұмыстар ұйымдастырылатын шаруашылық
субъектілерінің тізімі 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Қаулы баспасөз бетінде жарияланған күнінен бастап қолданысқа
енгізіледі.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің
орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
2009 жылғы 5 мамырдағы N 234
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 1-қосымша
Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың
Нұсқаулығы
1. Жалпы нұсқаулық
1. Бұл нұсқаулық халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың тәртібін анықтайды, ұйымдармен есеп айырысу жүйесі мен басты шарттарын реттейді.
2. Бұл нұсқаулықта пайдаланған негізгі түсініктер:
1) әлеуметтік жұмыс орындары халықтың мақсатты топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен қабылданған жұмысшылардың еңбек ақысын төлеуге жұмыс берушінің шығындарының бір бөлігін мемлекеттік бюджет есебінен өтеп берілетін жұмыс орындары;
2) нысаналы топтар "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңымен белгіленген жұмысқа орналасуда қиындыққа тап болған және әлеуметтік қорғауға зәру адамдар топтары.
3) нысаналы топтарға жататын (табысы аз адамдар) азаматтар:
жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар; балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейінгі балалар; кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызілікті, көп балалы ата-аналар; Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған адамдар бар азаматтар; зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалған); мүгедектер; Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарынан босаған адамдар; бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар; оралмандар; оқу орындарын бітірушілер; жұмыс орындарынан қысқартылған азаматтар; ұзақ мерзімді жұмыссыздар.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа тұрған жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнеткерлікпен қамтамасыз ету және сақтандыру туралы заң актілері таратылады.
4. Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыруды ұйымдастырады.
5. Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыстардың ұзақтық мерзімі бір күнтізбелік жыл ішінде 6 айға дейін белгіленеді.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына ұйымдастыру және жұмысқа орналастыру тәртібі
1. Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі халықтың мақсатты топтарынан әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылған жұмыссыздардың еңбегінің төлем ақысына шығындарының бір бөлігін жұмыс беруші өз қаржысынан төлеу жөнінде жұмыс берушімен келісім шарт жасайды.
2. Жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру және олардың еңбек ақысын төлеуге арналған бюджет қаражатын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында Сырдария ауданының әкімдігі халықтың нысаналы топтарына жұмыссыздарды жұмыспен қамту үшін әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыратын немесе беретін мекемелердің тізімін жұмыс берушілердің жазбаша келісімімен анықтайды.
Жұмыс берушінің қаржысынан және бюджет қаражаты есебінен еңбек ақы төлеуді қаржыландыратын әлеуметтік жұмыс орындарын беретін немесе құратын ұйымдар тізімге енгізіледі.
3. Жұмыссыздарды ұйымдардың әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жасалған келісім шартқа сәйкес жүзеге асырылады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын қаржыландырудың көздері мен шарттары.
1. Әлеуметтік жұмыс орындарына қабылданған жұмыссыздарға еңбек ақы төлеу жұмыс берушілердің жеке еңбек келісім шартының талаптарына сәйкес ай-сайын жүзеге асырылады.
2. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылғандардың еңбек ақысына қаралған мемлекеттік бюджеттің қаржысы Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен жұмыссыз арасындағы келісім шарттқа сәйкес жұмыссыздардың есеп шотына аударылады.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарына орналасқан жұмыссыздардың еңбек ақысы нақты орындалған көлемге төленеді.
4. Бір адамға жергілікті бюджеттен бөлінетін орташа қаржысы жиырма мың тенгені құрайды.
Ескерту. 4-тармақшаға өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2010.03.18 N 113 қаулысымен.
5. Жұмыстан қысқарған және басқа да азаматтардың әлеуметтік жұмыс орнына орналасуы - келісім шарт негізінде жүргізіледі.
4. Әлеуметтік қызмет орындарын ұйымдастыру мен
қаржыландыру тәртібіне бақылау жасау.
1. Әлеуметтік жұмысты іске асыратын ұйым жасалған еңбек шарттар негізінде жұмыссыздарды әлеуметтік жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтар шығарады. Жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбек құралдарымен қамтамасыз етеді, тапсырма-нарядты анықтайды, орындалған жұмыстың көлемін есепке алады және тіркейді, жұмыс уақытының есепке алу табелін жүргізеді. Жұмыс беруші ай сайын Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қажетті құжаттамаларды, атқарылған жұмыстардың саны мен көлемдері жөнінде мәлімет тапсырады.
2. Жұмыссыз тұрақты жұмысқа орналасқан жағдайда еңбек заңнамаларына сәйкес жұмыстар орындауға жасалған шарт бұзылуға тиіс.
Ұйым әкімшілігі мен жұмыссыз үш күн мерзім ішінде бұл туралы Сырдария аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне себептерін көрсетіп ескертуі тиіс.
3. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландыру тәртібінің сақталуына бақылау жасау заңнамамен белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік органдармен жүзеге асырылады.
2009 жылғы 5 мамырдағы N 234
аудан әкімдігінің қаулысымен
бекітілген N 2 қосымша
Ескерту.2-қосымша толықтырылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009.08.26 N 427, 2010.03.18 N 113 қаулысымен.
Әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын шаруашылық субъектілерінің тізімі
1. "Жасұлан" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
2. "Дәнекер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
3. "Жәрдем" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
4. "Сыр жолдары" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
5. "Сәулет" жауапкершілігі шектеулі серіктетігі;
6. "Ремстрой" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
7. "Өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
8. "Ақжарма жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
9. "Қалжан ахун" шаруа қожалығы;
10. "Мағжан и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
11. "Мади Қажы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
12. "Қызылдихан" шаруа қожалығы;
13. "Бесарық" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
14. "А.Тоқмағанбетов жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
15. "Қоғалыкөл жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
16. "С.Сейфуллин жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
17. "Шаған жер" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
18. "Жанар и К" толық серіктестігі;
19. "Углесбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
20. жеке кәсіпкер "Есқараева Ш";
21. "Казпошта" акционерлік қоғамы;
22. Жеке кәсіпкер "Бекпенбет Сұлтан" (келісім бойынша);
23. Жеке кәсіпкер "Бак" (келісім бойынша);
24. "МКО Аль-Бак" (келісім бойынша) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша).
Ескерту: Әлеуметтік жұмыс орындары тиісті ұсыныстары (келісімдері) негізінде бекітілді.