"Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы N 234 аудан әкімдігінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2009 жылғы 26 тамыздағы N 427 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаменті Сырдария ауданының әділет басқармасында 2009 жылғы 16 қыркүйекте N 10-8-100 тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 25 шілдедегі N 310 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 және "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 149 Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарына сәйкес Сырдария ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы N 234 аудан әкімдігінің қаулысының (аудандық Әділет басқармасында 2009 жылдың 26 мамырында N 10-8-90 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 маусымда "Тіршілік тынысы" газетінің N 46 санында жарияланған) N 2 қосымшасымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын шаруашылық субъектілерінің тізіміне өзгерістер енгізіліп, қосымша "Жанар и К" толық серіктестігі, "Углесбыт" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, жеке кәсіпкер "Есқараева Ш" және "Казпошта" акционерлік қоғамы мекемелерімен толықтырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

      Аудан әкімі                            С. Тәуіпбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады