Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Сырдария ауданы әкімдігінің 2011.07.25 N 310 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" 2009 жылғы 5 мамырдағы N 234 аудан әкімдігінің қаулысына (аудандық Әділет басқармасында 2009 жылғы 26 мамырдағы N 10-8-90 санымен тіркелген, 2009 жылғы 3 маусымдағы "Тіршілік тынысы" газетінің N 46 санында жарияланған) өзгерістер енгізілсін:
1 қосымшасымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру мен қаржыландырудың нұсқаулығының 3 тармағының, 4 тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "4. бір адамға жергілікті бюджеттен бөлінетін орташа қаржысы жиырма мың теңгені құрайды";
2 қосымшасымен бекітілген әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылатын шаруашылық субъектілерінің тізімі жеке кәсіпкер "Бекпенбет Сұлтан" (келісім бойынша), жеке кәсіпкер "Бак" (келісім бойынша), "МКО Аль-Бак" (келісім бойынша) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) мекемелерімен толықтырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі С. Тәуіпбаев
"Келісілді"
1. "Келісілді"
Жеке кәсіпкер "Бекпенбет Сұлтан"
_____________ С. Бекпенбет
____ наурыз 2010 жыл
2. "Келісілді"
Жеке кәсіпкер "Бак"
_____________ Г. Бакова
____ наурыз 2010 жыл
3. "Келісілді"
Жеке кәсіпкер "МКО Аль-Бак" ЖШС
_____________ Б. Баков
____ наурыз 2010 жыл